Өңделген топырақ тас жолға айналуда

Өңделген топырақ тас жолға айналуда
16.02.2018
273
Өндіріс

Өңделген топырақ тас жолға айналуда

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі – мұнай қалдықтарын жою болып табылады.
Осы орайда, соңғы 3-4 жыл көлемінде қалдықтарды жою мақсатында «А.Б.Бектуров атындағы химиялық-ғылыми институты» АҚ-мен бірлесе отырып, қолданысқа жаңа тәсіл енгізген болатынбыз. Яғни, гуматқұрамдас композициялы материал негізінде энергоаккумулярлы қоспалар қосу арқылы мұнай аралас топырақты өңдеп шығардық. Енді «өңделген топырақты қандай мақсатқа пайдалансақ болады?» – деген заңды сұрақ туындады. Осыған орай, компания аталмыш институттың қызметіне жүгіне отырып, өндірістік аймақты көгалдандыру және абаттандыру үшін инновациялық технологиясын енгізуді жүзеге асырды.
Нәтижесінде, №1,2,3,4 Мұнай-газ өндіру басқармаларына қарасты топтық қондырғылар мен асханалар маңында көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, өндірістік аймақта орналасқан нысандар маңайына төселген брусчаткалардың барлығына өңделген топырақтар қолданылды. Алдағы уақытта да біз бұл жұмысты жалғастыра беретін боламыз. Өңделген топырақтарды басқа жұмыстарға да пайдалану көзделіп отыр. Мақсат – қоршаған ортаны тазарту арқылы мұнайшыларға жайлылық пен қуаныш сыйлау!

Аманкелді Бекмағамбетов, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ, 
Қоршаған ортаны қорғау және радиациялық қауіпсіздік 
департаменті директоры
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх