Шикізат бағасы мұнай өндіруші компанияның дамуына қалай әсер етеді?

Шикізат бағасы мұнай өндіруші компанияның дамуына қалай әсер етеді?
10.04.2016
417
Өндіріс

Шикізат бағасы мұнай өндіруші компанияның дамуына қалай әсер етеді?

Дүниежүзі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары неге мұнай бағасын назарда ұстайды? Себебі көп елдердің экономикасы осы көрсеткішке тәуелді. Ал мемлекеттер бір-бірімен сауда және экономикалық қатынаста болатындықтан, мұнай бағасы әлемнің барлық мемлекеттеріне айтарлықтай ықпал етеді.

Қазақстан үшін де мұнай бағасы өте маңызды. Мұнай өндіруші саладан түсетін кірістің басым бөлігі ұлттық қор мен республикалық бюджетке жіберіледі. Әрине, мемлекеттік бюджет пен ұлттық қорға ауылшаруашылық, жеңіл және ауыр өнеркәсіп сияқты салалардан да түсім болады, бірақ бюджеттің жер қойнауынан шикізат өндіретін салалардан тәуелділігі әлі де өте жоғары. Сол себепті республикада мұнай-газ саласының жағдайы бүкіл халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. 

Соңғы жылдары Қазақстанның мұнайгаз саласы күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Brent маркалы мұнай бағасы соңғы жылдар ішінде арзандап кетті. Егер 2013 жылы мұнайдың бір баррелінің орташа бағасы 109 АҚШ долларына жуық болса, 2014 жылдың соңына қарай 55 долларға дейін түсті, ал 2016 жылдың басында 30 долларға дейін төмендеді.

«ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ компаниясы үшін бұл цифрлардың мәнінеде? Бұны анықтау үшін компанияның кірісі мен шығысы неден тұратынын түсін укерек.

Салыстырмалы түрде отбасылық бюджетті елестетіп көрейік. Ол кірістен (еңбекақы немесе басқа да кіріс көзі) және азық-түлік, үйге қажетті тауарлар, жиһаз, тұрмыстық техника сатып алу, балаларды оқыту және қосымша секцияларға апару, достар мен туыстарға сыйлықалу, демалыс, емделу сияқты шығындардан тұрады. Сонымен қатар, сізде позитте немесе үйіңізде ақша жинақтауыңыз мүмкін.

Алдымен ҚМГ БӨ-нің үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін үрдістер циклын айқындап алайық. Компания «қара алтынды» өндіріп қана қоймай, шикізат қорларын толтырып отыруы үшін геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізіп отыруы шарт. Бұл ұзақ, қымбат, әрі тәуекелі көп процесс.

Келесі процесс – өнім беріп тұрған кенорнында жаңа ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды қайта іске қосу, жөндеу.

Мұнай өндірісін іске қосу үшін электр энергиясының көзі, өндіру қондырғылары, зертханалар, қоймалар мен арнайы техникадан бастап, мұнайды жинау, тазалау, дайындау, айдау цехтарымен аяқталатын көптеген процесстердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек. Бұл құрылғыларды пайдалану, жөндеу және жаңарту да көпқаражатты талап етеді.

Егер ҚМГ БӨ сияқты компания жанармай мен басқа да мұнай өнімдерін өндіретін мұнай өңдеу ісіне араласпаса, соңғы кезең – мұнайды тұтынушыға дейін жеткізу, яғни Қазақстандағы немесе шетелдегі зауыттарға тасымалдау. Екі жағдайда да өндіруші компания мұнай тасымалдаушы компанияларға белгіленген тарифтер бойынша транспорттық шығындарды өтейді, ал бұл төлемдер бюджеттің шығыс бөлігіне жатады.

Ірі өндірістік шығындардан бөлек, компания шығындарының едәуір бөлігін қызметкерлерге төленетін еңбекақы, ұжымдық шарт бойынша жасалатын төлемдер, демеушілік пен қайырымдылық құрайды.

Бұған қоса, мемлекеттік бюджетке міндетті түрде төленетін бірқатар төлемдер бар – олар туралы осы мақаланың басында сөз қозғағанбыз. Бұл пайдалы қазбаларды өндіру салығы, кіріс салығы, экспорттық кедендік баж салығы (компания өз тауарын шетелдік тұтынушыға жөнелткен кезде төленетін салық), ренталық салық, бюджетке жөнелтілетін міндетті әлеуметтік төлемдер (бұл қаражатқа мектептер, ауруханалар, мәдениет үйлері, спорт кешендері, тағы басқалар салынады).

Компанияның (және оның еншілес ұйымдарының) кірісі мұнай сатылымынан түскен қаражаттан құралады. Әрине, тауардың бағасы неғұрлым арзан болса, компанияның экономикалық жағдайы төмендейді.

Пайда – бюджеттің бөлек бабы. Бұл – компанияның кірісінен бүкіл шығындарды алып тастағанда қалатын сумма. Кіріс шығыстардан әлде қайда артық болғанда ғана компания пайда көреді. Мұнай бағасы арзандаған сайын ҚМГ БӨ-нің жағдайы төмендеп барады. Компанияның шығындары кірісінен асып кетті.

Біреулер айтуы мүмкін: «компанияның мұнай бағасы шарықтап тұрған кезде жинаған қаражаты бар ғой, оның үстіне 2006 жылы Лондон және Қазақстан қор биржаларына шыққанда түскен ақша бар», – деп. Алайда, жинақ қанша қомақты болғанымен, тағы бірнеше жыл нарықтағы жағдай осылай қолайсыз болып тұрса, қаражаттың барлығы бюджеттің кем-кетігін толтыруға жұмсалып кетуі мүмкін.

Бұл бес адамнан тұратын отбасының айына 300 мың теңге тауып, 350 мың теңгені шығындауымен бірдей. Бастапқы кезеңде бюджеттің көп шығуы онша байқалмайды – отағасы достары мен туған-туыстарынан қарыз алып, банктен тұтынушы несиесін алуы мүмкін. Бірақ, осылайша отбасының тапқаны ұстағанынан кем бола берсе, бір жылдан соң отағасы несиені төлей алмайды. Бұл отбасында материалдық қиындық туындауы мүмкін.

Осылайша, 2014 жылы есеп-шотында 4 миллиард доллар болған компания 2015 жылы өз қорынан 700 миллион АҚШ доллларын жұмсап үлгерді, себебі мұнайбағасы күрт төмендеді, ал компанияның шығындары бұрынғыдай көп болып қала берді. Мұнай бағасы тағы бірнеше жыл бойы арзан болып қала берсе, компанияның күрделі қаржылық жағдайға душар болу қаупін есептеу қиын емес. Бұл мұнай өндіріп отырған алып компания үшін ғана емес, онда қызмет ететін 26 мың адамның әрқайсысы үшін өте маңызды, себебі жұмыс берушінің қаржылық жағдайына қызметкерлердің отбасылары да тәуелді.

Бұл тығырықтан шығатын қандай жол бар? Келесі материалда біз компанияның қалай шығындарын қысқарта алатынын және бұл мақсатта компанияға әлеуметтік тұрақтылық пен бюджетке кіріс түсуі не мүдделі мемлекет қандай көмек бере алатынына тоқталамыз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх