Біз ынтымақтастыққа дайынбыз!

Біз ынтымақтастыққа дайынбыз!
16.02.2018
262
Экономика

Біз ынтымақтастыққа дайынбыз!

Ашықтық және адал бәсекелестік – «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың басты қағидалары. Барлық тендерлік рәсімдер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның (бұдан әрі – Самұрық-Қазына немесе Холдинг) адами фактордың араласуын болдырмайтын электрондық сатып алулардың электрондық ақпараттық жүйесінде (ЭСАЖ) өтеді. Отандық мұнай компаниясында сатып алу рәсімдері қалай өтеді және бүгінде қандай жаңашылдықтар енгізілуде? Бұл туралы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Едіге Тұрарұлы ЧАКЛИКОВПЕН әңгімелескен едік.  
– Едіге Тұрарұлы, «Ембімұнайгаз» АҚ-да сатып алуларды ұйымдастыруда қандай қағидалар негізге алынады?
– Біздің компания Холдинг құрамына кіреді және сатып алуларды Самұрық-Қазына мен дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан артық пайыздары  тікелей не жанама түрде меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі ұйымдардың тауарлар, жұмыстар, қызметтерді (ТЖҚ) сатып алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Компаниядағы сатып алу рәсімдері ашықтық пен адал бәсекелестікті қамтамасыз етумен қатар төмендегі критерийлерді орындауды көздейді: сатып алу үшін қолданылатын бюджеттік қаражаттың оңтайлы және тиімді жұмсалуы; сапалы ТЖҚ сатып алу; Холдингтің мүгедектер ұйымдарының тізбесіне енгізілген мүгедектер ұйымдарына қолдау көрсету шартымен  сатып алу рәсіміне қатысу үшін барлық әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну; холдингішілік кооперацияны дамыту мақсатымен Холдингке кіретін ұйымдардың арасындағы сатып алуларға көмектесу; қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік; сатып алу және инвестициялық стратегиялық жобаларды тиімді жүзеге асыру рәсіміне делдалдардың қатысуын барынша азайту.  
– Компанияда сатып алу рәсімі қалай өтеді?
– Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушілер http://tender.sk.kz/ сілтемесі бойынша электрондық жүйеге өтіп, төмендегі қадамдардан өту қажет: электронды цифрландырылған қолтаңба (ЭЦҚ) алу – ЭЦҚ-ны компьютерге орнату – Сатып алу жүйесіне тіркелу – Керекті сатып алуды таңдау – Сатып алуға қатысуға өтінім беру. «Ембімұнайгаз» АҚ-да ТЖҚ-ны сатып алу үш әдіспен жүзеге асырылады: ашық тендерді өткізу, баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден сатып алу.
Ашық тендер әдісімен сатып алуды жүргізгенде әлеуетті жеткізушілерде төмендегідей мүмкіндіктер бар: 
1. Электронды сатып алу ақпараттық жүйесінде (ЭСАЖ) тендерлік құжаттаманың жобасымен алдын ала танысу және 5 жұмыс күннің ішінде түсіндірмелерді (ескертпелерді/ұсыныстарды) жіберу; 
2. Алдын ала қараудың қорытындысы бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою мақсатымен 3 жұмыс күні ішінде өз өтініміне толықтырулар және/немесе өзгерістер енгізу;
3.  Тапсырыс берушінің талаптарына сай деп танылған әлеуетті жеткізушілердің арасында сатып алудың жеңімпазын анықтау мақсатында бағаны төмендету сауда-саттығына қатысу. Сатып алуды баға ұсыныстарын жинау әдісімен жүргізгенде әлеуетті жеткізушілер таңдаудың негізгі критерийлері баға болып табылатын ТЖҚ-ны сатып алуға қатысады. Бұл жағдайда жеткізушілерден құжаттардың ең аз топтамасы талап етіледі, бірақ сатып алудың сомасы 4000 АЕК-тен аспайтын болуы керек. Ал,соңында, бір дереккөзден алу әдісімен сатып алу. Бұл жағдайда да жеткізушіні таңдағанда негізгі критерий баға болып табылады. Сатып алуға қатысу үшін коммерциялық ұсыныс жеткілікті, бірақ сатып алудың сомасы 1000 АЕК-тен аспайтын болуы керек.  
– Едіге Тұрарұлы, өткен жылы Самұрық-Қазына ережелеріне Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктердің қатысуы бар ірі мұнай компанияларының үлгісі бойынша әлеуетті жеткізушілердің алдын ала біліктілігін енгізу бөлігіне өзгерістер енгізілген. Сол туралы толығырақ айтып беріңізші.
– Иә, 2017 жылдың 6 қарашасында «Білікті әлеуетті жеткізушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі» бекітілді.  Соған сәйкес, осы тізбеде көзделген ТЖҚ-ны сатып алуға қатысуға тек біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жеткізушілер ғана жіберілетін болады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның бұл жаңашылдығының мәні – әлеуетті жеткізушінің бірқатар критерийлерге, соның ішінде, әлеуетті жеткізушінің шарттық жұмысының құқықтық бөлігі мен оны ұйымдастыру; әлеуетті жеткізушінің қорлары; тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету; жобалар мен тәуекелдерді басқару; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау; қоршаған ортаны қорғау; Холдингтің әлеуетті жеткізушілерінің дамуын қолдау критерийлері, қосымша салалық критерийлер сәйкестігін анықтау.
Алдын ала біліктілік іріктеу рәсімі төмендегілерді қамтиды: 
1) әлеуетті жеткізушілердің өтініштерін жинау мен талдау; 
2) әлеуетті жеткізушілерге сауалнама жүргізу; 
3) аудит жүргізу; 
4) алдын ала білікті әлеуетті жеткізушілердің тізбесін жасау; 
5) алдын ала білікті әлеуетті жеткізушілердің тізбесіне өзгерістер енгізу. Егер әлеуетті жеткізуші Холдингтің сенімсіз өнім берушілері тізімінде және/немесе мемлекеттік сатып алулардың жауапсыз қатысушылары реестрінде және/немесе Жалған кәсіпорындардың тізімінде болса, сонымен қатар, егер әлеуетті жеткізуші және/немесе оның басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе, әлеуетті жеткізуші алдын ала біліктілік іріктеуіне (АБІ) жіберілмейді.
– Білікті жеткізушілердің тізбесіне қосылу әлеуетті жеткізушілерге қандай артықшылықтар береді? Және тізбеге қосылу үшін өтініштерді қайда жіберу керек? 
– Самұрық-Қазынаның алдын ала біліктілік іріктеуін енгізуге бірқатар факторлар себепші болды: сатып алулардың тиімділігін арттыру қажеттілігі, уақытша және материалдық шығындарды оңтайландыру мен әлеуетті жеткізушілерді ұсынылатын ТЖҚ-ның сапалық, техникалық және пайдалану сипаттамаларын дамыту мен жақсартуға бағдарлау. Осылайша, алдын ала сауалнама жүргізу кезеңінде ТЖҚ сыншылдығының үш деңгейі (ТЖҚ құны мен ұйым қызметіндегі тағайындамасын есепке алумен ТЖҚ санаттары бойынша анықталатын деңгейлер) бөліп көрсетіледі. Нәтижесінде, жеткізілетін ТЖҚ-ның сыншылдық деңгейі ең төмен жеткізуші сыншылдықтың ең жоғары деңгейі бойынша сатып алудың қатысушысы бола алмайды.  Біліктілік іріктеуінен өткен әлеуетті жеткізушілер үшін бірқатар артықшылықтар пайда болады: мысалы, сатып алуды өткізгенде жұмыс тәжірибесі мен қызметкерлердің біліктілігі бойынша оларға тапсырыс берушілер тарапынан қосымша талаптар қойылмайды. Сатып алуға қатысуға және шартты орындауға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу талап етілмейді. Басқаша айтқанда, жүктелетін құжаттар топтамасы азаяды және сатып алу кезеңінде қаржылық шығындар қажет болмайды. 
Тағы бір бонус: алдын ала білікті әлеуетті жеткізушілердің тізбесіне енгізілген күннен бастап алдын ала біліктілік іріктеуінің нәтижелері 2 (екі) жыл бойы (сыншылдықтың бірінші және екінші деңгейлері үшін) және 3 (үш) жыл бойы (сыншылдықтың үшінші деңгейі үшін) жарамды. Яғни, бір рет іріктеуден өткен әлеуетті жеткізушілер Холдинг ұйымдарының ТЖҚ-ны сатып алуларға 2-3 жыл бойы кедергісіз қатыса алады.   Біліктілік іріктеуін жүргізу рәсімі бойынша барлық қажетті ақпарат Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №125 шешімімен бекітілген және http://sk.kz/ сайтында орналастырылған Сатып алу қызметін басқару бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ саясатына сәйкес әзірленген Сатып алу қызметін басқару бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Стандарты» құжатында бар.  Электрондық жүйеде біліктілік іріктеуіне өтініштерді «Алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу порталына» (http://pko.skc.kz/) төмендегі схема бойынша жіберу керек: ЭЦҚ алу – ЭЦҚ-ны компьютерге орнату – АБІ жүйесіне тіркелу – Өтініш толтыру – Хабарламаға қол қою – Шартқа қол қою – Сауалнама жіберу. Осы тізбе үнемі толықтырылып, сонымен қатар, бұдан былай оған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың барлық 100 пайызын қосу жоспарланып тұратыны туралы әлеуетті жеткізушілердің қаперіне беремін.  Барлық әлеуетті жеткізушілерді біздің компаниямыздың сатып алу рәсімдеріне белсенді қатысуға шақырамын. Біз әр жеткізушімен де ынтымақтастық орнатуға дайынбыз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх