«Бұрғылау жұмыстары басқармасы» БЕКНАЗАРДЫҢ ҮЗДІК БРИГАДАСЫ

«Бұрғылау жұмыстары басқармасы» БЕКНАЗАРДЫҢ ҮЗДІК БРИГАДАСЫ
16.02.2018
318
Қызметкерлер

«Бұрғылау жұмыстары басқармасы» БЕКНАЗАРДЫҢ ҮЗДІК БРИГАДАСЫ

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы Бұрғылау жұмыстары басқармасындағы №15 Скважиналарды жерасты жөндеу бригадасы үздік бригада болып танылды. Бригада операторлары Әділет Елеусінов, Мырзабек Жарылғасов, Ахат Бекбосынов, Төсқали Төреханов, Нұржан Нәренов, Бауыржан Лепес, Назар Әміров, Жарас Әбитовтер мен АПРС-40 жүргізушілері Темірхан Елшібаев, Абидулла Есіркенов, Оразалы Қожахметов, Мәди Байдашовтар – қажырлы еңбегінің жемісін теріп жүрген жандар. «Олар өз міндеттерін жақсы түсініп, абыройлы атқарып жүр», – дейді жігіттер туралы бригада шебері Бекназар Таласбаев.

ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖОБА
Бригада жігіттері скважинаны жерасты жөндеу жұмыстарын шыбық көтеруден бастайды. Көтерген шыбықтардың сырттары су, май, тұз болып шығып, ол жұмыскерлердің үстіне шашырап қолайсыздық тудыратын еді. Осы қолайсыздықтан құтылу жолын іздеген Бекназарға идея келді. Идея қарапайым болғанымен, өте тиімді болып шықты. Құбыр ішіне резеңке қырғыш орнатылды. Енді көтерілген шыбықтар таза күйінде шығатын болды, таза шыбықтардың ақауы бірден көзге түсіп, жұмыс тиімділігін арттырды. Бұл әдіс бүгінгі күні бірнеше бригадада тәжірибе ретінде жүзеге асырылуда. Осы жобамен 2017 жылы Астанада өткен рационализаторлық жобалар байқауына қатысқан Бекназар Таласбаев жүлдегер атанды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫНАН 
ТЫС ҚАЛҒАН ЕМЕС

Үздік бригада қайырымдылық шаралардан да тыс қалып көрген емес. Мәселен, Темірхан Елшібаев бокспен айналысатын жасөспірімдерге үнемі қамқорлық көрсетіп, жүр. Жалпы, жабыққанға жаны ашымайтын, мұқтажбен мұңдас бола қоймайтын қазақ баласы кемде-кем шығар. Баласы ауырып, қаржылай көмек сұраған қала тұрғындарына да, өзі ауырып емделуге көмек сұраған әріптестеріне де жігіттер үнемі мүмкіндіктерінше көмектесіп келеді.

«Қалауын тапса, қар жанады»...
Жұмыскерлер вагонның дөңгелектеріне ескі көліктің қанатын орналастырды. Бұл шалшықты күні балшықтың жан-жаққа шашырап, қолайсыз жағдай тудырмаудың алдын алады. Сондай-ақ, жігіттер өндірістік аймақты таза ұстау мақсатында, қоқыс жәшігін даярлады. Яғни, қапты кигізетін шеңбер жасап, вагонның кіре-берісіне жапсырып қойды. Қоқысқа толған қапты үнемі ауыстырып отырады. Сондай-ақ, ескі шыбықты қиып, жақтау жасап, бригаданың фотосын вагонға іліп қойған. Әдемілікке жаны құштар Абидулла Есіркенов аквариумда балық өсіруді жақсы көреді. Өндірісте еңбек етіп жүрген әріптестердің ынтымағы мен бірлігі осындай көріністерден де байқалады. 

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БРИГАДА
– Біз қызмет етіп жүрген «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы еңбек қауіпсіздігін басты назарда ұстайды. Қазіргі таңда біздің әлеуметтік жағдайымыз жақсарған үстіне жақсарып келеді. Вагонымызға кірсеңіз аппақ линолеум төселіп жатыр. Еңбек етуге қолайлы жағдай жасалған. Біз де білекті сыбанып еңбек етіп жүріп, үздік бригада атандық. Компаниямыздағы игілікті көре білейік, тани білейік, бағалай білейік, – дейді бригада жұмыскерлері.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх