«Argymak TransService» ЖШС. Өткен жыл нәтижесі қорытындыланды

«Argymak TransService» ЖШС. Өткен жыл нәтижесі қорытындыланды
16.02.2018
240
Өндіріс

«Argymak TransService» ЖШС. Өткен жыл нәтижесі қорытындыланды

«Argymak TransService» ЖШС басшылығы қаңтар айында кен орнында екі вахтаның жұмыскерлерімен жиналыс өткізіп, Серіктестіктің 2017 жылғы қаржылық-өндірістік қызметін қорытындылап, 2018 жылғы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Жиналыстарға кен орнындағы жұмыскерлердің 700-ге жуығы және қаладағы аппарат қызметкерлері қатысты.   
Кен орнындағы еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша топ басшылары М.Күзембаев және Д.Сасықбаев еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ақпарат беріп, жол-көлік оқиғаларына, өндірістік жарақаттану, кәсіптік сырқаттану жағдайларына талдау жасап, еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Серіктестікте 2017 жылы жазатайым оқиға тіркелмеген.
Әлеуметтік мәселелер бойынша инженерлер Ш.Ақбердиев және Б.Өмірзақов әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар мен шыққан шығын, мәдени-спорттық шаралар туралы мәлімет берді. 
Серіктестіктің Бірінші Вице-президенті Ш.Құлшықов өткен жылды қорытындылап, биылғы жылы атқарылар жұмыс жоспарымен таныстырған сөзінде мекемедегі кадрлық саясат, өндірістік көрсеткіштер, жаңа техника, жаңа құрал-жабдықтар сатып алу мәселесі туралы айта келіп, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның мұнай өндіру жоспарын орындауға өз үлесімізді қосуға шақырды. 2017 жылы Серіктестік кірісі жоспардан артық орындалған және көлікті пайдаланудағы негізгі көрсеткіштер де көңіл қуантарлық болды: 

 

Атауы

Жоспар

Нақты орындалуы

1

   автопаркті пайдалану коэффициенті

0,82

0,85

2

   автопарктің техникалық дайындық коэффициенті

0,87

0,89

Мекеме басшысы ұжымды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы С.Мыңбаевтың «Біздің қауіпсіздікке бағытталған жолымыз» жолдауымен таныстырды. Басты мақсат – адамның қауіпсіздігі, оны сақтау үшін ұжым болып бірлесе жұмыс істеу қажеттігіне, тәртіп болмаған жерде жұмыс дұрыс жүрмейтініне назар аударып, сол себепті еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап етті.   

Зейнеп Маханбет,
«Argymak TransService» ЖШС
Әлеуметтік-әкімшілік жұмыс бойынша аға маманы

 

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх