Аз қамтылған отбасына көмек

Аз қамтылған отбасына көмек
16.02.2018
254
Әлеумет

Аз қамтылған отбасына көмек

Қайырымдылық қазақ халқының қанында бар қасиет қой деймін. Мұқтаж жан көрсе, соған көмек қолын созғылары келіп тұратын адамдар арамызда жоқ емес. Бұл әрине жақсылықтың нышаны. Жуырда «Жылыоймұнайгаз» мұнайшылары арасында Прорва мұнай өндіру кенішіне қарасты С.Нұржанов атындағы мұнай өндіру кен орнының 40 жылдығына арналған футболдан турнир болды. Бірнеше цехтардың қатысуымен болған бұл жарысқа белсене қатысқан Терең-өзек мұнай өндіру цехының жігіттері басқарманың кәсіподақ ұйымы тағайындаған бас жүлдені жеңіп алды. Әр жарыс сайын спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жігіттер бұл жолғы ақшалай 120 мың теңге жүлдені қайырымдылыққа жұмсауды ақыл деп тапты. Жігіттердің ұйғаруымен жүлде сомасы Құлсары қаласындағы 1-ші ықшамаудан тұрғыны, көп балалы ана Элмира Қожаназароваға табыс етілді. Ол жеті баланың анасы, аз қамтылған отбасы, жолдасы мүгедек жан екен. Мемлекеттен алатын мүгедектік үшін жәрдемақысы 23 мың, көп балаға алатын жәрдемақысы 9 мың теңге. Отбасының жағдайы туралы әлеуметтік желі арқылы білген жігіттер осы отбасына аз да болса көмек қолын созып қайырымдылық көрсетті. Сауапты іс жасап отырған ұжымдастарымыздың бұл ісі көпке үлгі боларлық деп ойлаймыз. 

Гүлбақыт Испанғалиева,
Прорва кеніші мұнай өндіру 
операторы 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх