Энергетика вице-министрі Ембіде болды

Энергетика  вице-министрі Ембіде болды
05.03.2018
276
Өндіріс

Энергетика вице-министрі Ембіде болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйінішәлиев Компанияның басқару аппаратының қызметкерлерімен кездесті. 
– «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы Елбасы саясатын толық қолдайды. Өндіріске жаңа технологияларды енгізу және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы «Цифрлы кең алаңы» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда бұл бастама Ембінің ірі кен алаңдарына таратылуда. Бұған қоса, Компанияда тұрақтылық пен жұмыс орындарын сақтау мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру, өндіріс тиімділігін арттыру, жаңа кен орындарын ашу және барлау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Ал, адами капиталды дамыту бағытында Компания мұнай-газ саласына мамандарды даярлау үшін қомақты қаржы бөліп келеді», – деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Бауыржан Балжанов.
Вице-министр Б.Ақшолақов  Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру жолдарын түсіндіріп, соның ішінде, Атырау облысы төңірегінде біраз жұмыс атқарылғанын айтты. Болат Оралұлы технологиялық жаңғыру арқасында экономиканы жалпы цифрландыру керектігін сөз етті. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістілігі міндеттелген Жолдаудың бірінші бағыты бойынша, Энергетика министрлігі өз құзыреті шегінде 2017 жылдан бастап энергетика секторында және экология саласында цифрландырудың бірқатар жобасын жүргізуде. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх