Мамандығыммен мақтанамын...

Мамандығыммен мақтанамын...
05.03.2018
296
Қызметкерлер

Мамандығыммен мақтанамын...

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 МГӨБ, №13 топтық қондырғысында 20 жылдан бері мұнай-газ өндіру операторы болып жұмыс жасап жүрген Майра Пангереева өміріне дән риза. Өздеріне қарасты 30-дан астам скважиналарды бақылайтын мұнайшы келіншек өз жұмысының майталман маманы. Жұмысын жанындай жақсы көргендіктен болар, ол ешқашан шаршаған емес.
Майраның үлкен ұлы «ҚазТрансОйл» компаниясында заңгер болса, қызы Қытайда оқып жатыр. Кенжетайы мектепте оқиды.
«Мен өміріме ризамын. Құдайға шүкір, балаларым өсіп келеді. Жұмыста сыйлымын. Жағдайымыз өте жақсы. Арнайы киімдердің сапасына көңіліміз толады. Қолғаптардың да сапасы жақсарды. Асхана тамағы да дәмді-ақ! Еңбек демалысымызда қайда барамыз десек те, жолдамалар табылады. Еңбек адамына басқа не керек?! Жағдайдың жақсаруы-компания әлеуетінің деңгейін көрсетеді. Мен өзімнің мамандығымды мақтан тұтамын. Компаниямыздың гүлденуі үшін еңбек етіп жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін», – дейді Майра Пангереева. 
Майра сияқты өз кәсібін шын сүйетін, мамандығын мақтаныш тұтатын, шаруаны шыр айналдыратын адамдар ғана елге зор пайда келтірмек!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх