Ең қиын мамандық – АНА болу

Ең қиын мамандық – АНА болу
05.03.2018
273
Қызметкерлер

Ең қиын мамандық – АНА болу

Шара Коммунистқызы «Өзенмұнайгаз» АҚ, АжТБ 2004 жылдан бері абыройлы еңбек етіп, ұжым құрметіне бөленіп жүрген ерекше жан. 
Ол өзінің алғашқы жұмысқа келген кезін былайша еске алады. «Мені басқарма директоры Феликс Джейрановтың  хатшысы Жадыра Тілеумағамбетованың жылы сөз, жылы қабақпен қарсы алғаны есімде қалып қойды. Жас қыздың ілтипатына кәдімгідей ішім жылып, қуанып қалдым». Бүгінде Шара апай Жадыра екеуі әкімшілік-әлеуметтік қамту бөлімінде әріптес болып, жұмыс жасап жатыр. Ол үшін басқарма ұжымы өз отбасындай болып кеткені сонша, еңбек демалысына кеткенде сағынып, телефон шалып, хабар алып тұрады. 20 жыл мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған Шара Коммунистқызы өзінің мамандығының қазіргі жұмысқа көп пайдасы тигендігін айтады. Қазіргі таңда, компаниядағы әлеуметтік жағдайдың керемет жақсарғанын айтпай кетуге болмайды. Осыған сәйкес, қызметкерлердің де көңіл-күйлері көтеріңкі, жұмысқа деген ынталары жақсы. 
Мереке қарсаңында компания қыз-келіншектеріне тәтті лебіздерін арнаған Шара Коммунистқызы «Құдайға шүкір, қыздарымыз көрікті, білімді, іскер. Тіпті қазақ қоғамының бір бұрышын алға сүйреп келе жатқаны да анық», – дейді. 
Өз жұмысын сүйіспеншілікпен атқаратын Шара апай «мамандықтың қай-қайсысы да оңай емес. Алайда, солардың ішіндегі ең қиын мамандық – АНА болу. Бүгінде бірінен-бірі өткен немерелерім өсіп келеді. Соларға барынша жақсы әже болуға тырысып жүрмін», – деп күлімсірейді.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх