«Қаражанбасмұнай» АҚ Амал мерекесін атап өтті

«Қаражанбасмұнай» АҚ Амал мерекесін атап өтті
«Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымы Амал мерекесін өткізді. Орталық аппарат қызметкерлерін Компания Президенті Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, Кәсіподақ төрағасы Батырғали Серікбаев, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Мұстахим Беркалиев, «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Есен Қайыржан құттықтады.
Жылдың бастауы саналатын атаулы күнде Әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық департаментінің ұйымдастыруымен концерттік шара өтіп, оған Компания қызметкерлері атсалысты. Ұлттық ойындардан асық ату, ләңгі тебу ойнатылып, ұлттық киімдер киген арулар арасында үздік киім үлгісіне арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, мерекеге орай киіз үйлерде арнайы дастархан жайылып, қызметкерлерге ұлттық ас мәзірі ұсынылды.