Сыр бойынан жеткен лебіз

Сыр бойынан жеткен лебіз
20.03.2018
256
Қызметкерлер

Сыр бойынан жеткен лебіз

Құрметті әріптестер!
Жер-жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктем алып келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы  күні баршаңызға құтты болсын! Наурыз – ізгілік пен бірліктің мерекесі. Бұл күні барша жұрт өкпе-ренішті ұмытып, ағайынмен бір дастархан басында қайта табысады. Адамдар бір-біріне бақыт пен береке тілейді. Келер жылдан кемелдік тілеп, амандық айтып, ақ пейілдерін арнайды. Бұл кезеңді біздің халқымыз береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мезгілі санайды. Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болады деген ежелден келе жатқан сенім бар. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Тәуелсіз еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!

Ізгі ниетпен,
«Қазгермұнай» БК» ЖШС–нің сатып алу – материалдық 
техникалық жабдықтау департаменті ұжымы
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх