Наурыз – жақсылықтың жаршысы

20.03.2018
226
Қызметкерлер
Наурыз – жақсылықтың жаршысы
Құрметті әріптестер!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Табиғат жаңарып, жаңа жыл, жаңа өмір басталатын осы тамаша кезде – достық пен ізгіліктің, бауырмалдық пен ынтымақтастықтың мейрамында баршаңызға берекелі дастархан, өнегелі өмір, отбасы амандығын тілейміз! Бұл ағайын-туыс, көрші-көлем, дос-жаранның басын қосатын, реніш-өкпені кешіріп, болашаққа ақ тілегін арнайтын, ұлттық құндылығымызды дәріптейтін ерекше мейрам. Тіршілікке шуақ сыйлайтын, жақсылықтың жаршысы Әз Наурыз мейрамы ғасырдан ғасырға жалғаса бергей!
Ізгі тілекпен,
«Argymak TransService» ЖШС ұжымы