НАУРЫЗ ЛЕБІЗ

НАУРЫЗ ЛЕБІЗ
20.03.2018
204
Қызметкерлер

НАУРЫЗ ЛЕБІЗ

Перуза Пахыржанова, 
«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС

– Мен «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінде қойма меңгерушісі болып еңбек етемін. Жұмыс жағдайымыз барлығы жақсы. Қажетті мүмкіндіктердің бәрі де жасалған. Өзім осы құрылыс саласында 1992 жылдан бері жұмыс істеймін. Ұзақ жылғы қажырлы қызметімнің лайықты бағасы ретінде көптеген марапаттарға да ие болдым. Әріптестерімнің бір-біріне деген қарым-қатынасы, үлкенге құрметі, өзара түсіністігімен іштей қуантады. Міне, көзді ашып жұмғанша, зейнет жасына да жетіп қалдым. 4 бала өсіріп, 10 немере сүйіп отырмын. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Әрдайым жүздеріңіз жарқын, жүректеріңіз жылылыққа толы болсын.

Тарбия Блахаева, 
«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС

– Міне, тағы да бір көктем жадырап келіп жетті. Құрылыс саласында еңбек етіп жүрген біздер көктем мерекелерін қуанышпен қарсы алып жатырмыз. Мекемеде еңбек етуге барлық қолайлы жағдай жасалған. Әлеуметтік-тұрмыстық ахуал да әлдеқайда көп жақсарған. 1985 жылы слесарь болып жұмысқа орналастым. Ұзақ жылдар бойы құрылыс саласында жұмыс істеп, қазіргі таңда «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС плитка салушы маманы болып жұмысымды жалғастырып келемін. Барлық әріптестерімді Наурыз мейраммен шын жүректен құттықтаймын. Өміріміз мәнді-сәнді, ал өндірісіміз өркендей берсін.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх