Ембіде «Мұнайшы қыз» клубы құрылды

Ембіде «Мұнайшы қыз» клубы құрылды
20.03.2018
256
Қызметкерлер

Ембіде «Мұнайшы қыз» клубы құрылды

8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ЕМГ-де «Мұнайшы қыз» әйелдер клубы құрылып, аталған клубтың жұмыс жоспарына сай алғаш рет «Мен – әйелмін. Әлемнің анасымын!» атты конференция өтті. Оған Компанияға қарасты барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелер мен Орталық аппараттан жүзден аса қыз-келіншек қатысты. Конференцияға қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков өндірістегі қазіргі нәзік жандылар рөліне баса мән бере отырып, олардың қоғамдағы орнын арттыру мақсатында әйелдер клубының құрылып отырғандығын жеткізді. 
– Ембі өндірісін дамытуда мұнайшы қыздардың үлесі жоғары. Өндірістік жоғарғы көрсеткіштерге тұрақты қол жеткізуде ерлермен бірге иық тірестіре бір сапта жүрген мұнайшы әйелдер үлкен жұмыс атқарып келеді. Ауыр да қызу жұмыстың ортасында жүрген сіздерге үлкен рахмет айтамын. Компанияның өндірістік қызметі мен қоғамдық жұмысына деген әйелдердің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін клуб жұмысына табыс тілеймін, – деп атап өтті ол. 
Конференцияда Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары 
Рысты Тасмағамбетова «Қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол қазіргі заманғы әйелдердің орны жыл сайын ерекше маңызға ие болып келе жатқанын баса айтты. Компаниядағы мыңнан астам әйел өндірісте ерлермен тең жұмыс жасап келеді. Қызмет барысында олар өздерін кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде көрсетіп жүр. Әйелдер клубын құру мен конференция ұйымдастырудағы мақсат – Компаниядағы қыз-келіншектердің ашық ортада жұмыс істеуіне жол ашу, белсенділігін арттыру. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх