Амал – кешірім мен мейірім айы

Амал – кешірім мен мейірім айы
20.03.2018
190
Қызметкерлер

Амал – кешірім мен мейірім айы

«Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы, №3 Қабат қысымын сақтау цехы ұжымы да Амал мерекесін тойлады.
Амал мерекесіне бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жасұлан Балуанов, корпоративтік хатшы қызметінің жетекші аналитигі Бердібек Есенжанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов, басқарма директоры Жеңісбек Сүлейменов, басқарма кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Наурыз-мейірім мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің төгілер айы. Наурыз мерекесі арқылы біз ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды өскелең ұрпақтың санасына сіңіреміз. Ата салтын, ұлттық қалпын сақтаған ұлттың ғана мерейі үстем болмақ. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!» – деді Жасұлан Балуанов. 
Амал мерекесін белсенді ұйымдастырушының бірі, сораптар станциясының машинисі Күнсұлу Әйтешова «Бұл ерекше мереке. Амал мерекесі-компания жұмыскерлерінің бір-бірімен жақынырақ танысуына көмектеседі, адамдар бір-бірінің өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне игі тілек тілейді. Наурыз-кешірім мен мейірім мерекесі!» – деді.
Амал мерекесінде мұнайшыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сахналандырылған «Бесікке салу» көрінісі қойылып, ұлттық ойындар жарысы өткізілді. Компания жұмыскерлері бір-бірімен көрісіп, алға мол сеніммен қадам басты. Ертеңіне сенімі нық елдің болашағы да жарқын.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх