Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!
20.03.2018
212
Қызметкерлер

Құттықтаймыз!

Шуақты көктемнің алғашқы күндерінде дүниеге келген әріптесіміз Биғалиев Серік Аққалиұлын асқаралы 60 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтаймыз. Еңбек белестерінде суретші де, ұстаз да болған Сіз «Ембімұнайгаз» компаниясында ширек ғасырдан бері бухгалтерия саласында табысты еңбек етіп келесіз. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің түлегі ретінде өзіңізді білімді де білікті маман ретінде көрсетіп келесіз. Сізді ұжым мүшелері кәсіпорындағы беделді маман ретінде танып, бағалайды. Қандай қызметті атқарсаңыз да ұтымды ұйымдастыра білу, өнертапқыштық, жаңашылдық қабілетіңізді көрсете жүріп, бастаған істі аяқтамай тыным таппайсыз. Өз жұмысыңызға үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Қоғамдық жұмыстардан да тыс қалмай, өз үлесіңізді қосып келесіз. Отбасында 
1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, әкелік қамқорлығыңызды үнемі білдіріп келесіз, немере-жиен сүйген сүйікті атасыз. Сізге ең алдымен зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бірлік-береке және қызметіңізге табыс тілейміз. 

«Ембімұнайгаз» АҚ басқару аппараты
қаржы-экономикалық блогы
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх