Ембіде көшпелі мәжіліс өтті

Ембіде көшпелі мәжіліс өтті
05.04.2018
207
Өндіріс

Ембіде көшпелі мәжіліс өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ мәжіліс залында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на қарасты батыс өңірдегі еншілес кәсіпорындардың қатысуымен көшпелі мәжіліс өтті. Мақсаты – сатып алу мен жабдықтармен қамту бағытындағы жаңалықтармен таныстыру, сонымен қатар сатып алу рәсіміне қатысты, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету Ережесі бойынша жаңа ұсыныстарды талқылау. 
Жиынға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алу және жабдықтау бойынша вице-президенті Р.Дүйсебаев, сатып алуды дамыту және реттеу департаментінің директоры Б.Исаев, оның орынбасары Е.Елшібеков, категориялық стратегияны игеру департаменті өкілі Д.Нұрмұханова қатысты. 
«Бүгін біз сатып алу және жабдықтармен қамту бойынша жаңашылдықтармен таныстыру, сонымен қатар ЕТҰ-дан сатып алу рәсіміне қатысты, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету Ережесі бойынша да жаңа ұсыныстарды талқылау үшін жиналып отырмыз. Сіздердің сұрақтарыңыз болса, осы жерде талқылауға әзірміз, ал егер терең зерттеуді қажет ететін мәселелер болса, өзімізбен бірге үй тапсырмасы ретінде алып кетіп, кейін жауап береміз», – деді Ренат Дүйсебаев. 
Жиын барысында кәсіпорындардағы сатып алу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету, тиімділігін арттыру, жеткізіп берушілердің жұмысын дамыту; электронды сатып алудың Ақпараттық жүйесін дамыту, сатып алу Ережесіне өзгерістер енгізу; сатып алуды категориялық басқаруды қолданудың тәжірибелері, нәтижелері т.б. мәселелер қаралды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх