40 жыл өндірісте тер төккен жан

40 жыл өндірісте тер төккен жан
05.04.2018
176
Қызметкерлер

40 жыл өндірісте тер төккен жан

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты №2 Мұнай-газ өндіру басқармасындағы №34 топтық қондырғысында 40 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан оператор Күнсұлу Жанжігітова ұжымына өте сыйлы жан. 
Бүгінде зейнеткерлік жасқа жақындаған ол «Өзенмұнайгаз» сияқты компанияда жұмыс жасап жүргеніме өзімді бақытты санаймын. Мен осыдан 40 жыл бұрынғы мұнайшылардың әлеуметтік жағдайын есіме алсам, қазіргі жағдайымызға мың да бір шүкіршілік етемін. Өзімнің сүйікті компанияның дамуы жолында еткен еңбегім еленіп, Өзен кенорнының 50 жылдығына орай төсбелгімен марапатталдым. Басшылық тарапынан еңбегің еленіп, салтанатты түрде марапатталу – адамға қанат бітіріп, қуаныш сыйлайды. Жұмысқа деген құлшынысыңды арттырады. Құдайға шүкір, қазіргі таңда немере сүйіп отырған бақытты әжемін. Қызым Балзия Әбитова да осы басқармада инженер болып жұмыс жасайды. Мен өмірімді еңбексіз елестете алмаймын. Еңбек адам өміріне мән береді», – дейді. 
40 жыл бойы Өзен кенорнының гүлденуі жолында еңбек еткен Күнсұлу сияқты жандар өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Еңбек адамдарын құрметтеу – біздің парызымыз.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх