ҚМГ БӨ және CNPC - стратегиялық серіктес

ҚМГ БӨ және CNPC - стратегиялық серіктес
01.03.2016
416
Экономика

ҚМГ БӨ және CNPC - стратегиялық серіктес

29 ақпанда Алматы қаласында ҚМГ БӨ бас директоры Қ.Есқазиев бастаған компания топ менеджерлерінің «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясының Президенті, бас атқарушы директоры Фан Цзячжунмен және «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының барлық жетекшілерімен кездесуі болды. Мұндай кеңейтілген форматтағы кездесу «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «ПетроҚазақстан Инк.» өзара қарым-қатынас тарихында бірінші рет өтіп отыр. Кездесу барысында акционерлер арасындағы маңызды мәселелер, әлеуметтік және қаржылық сұрақтар талқыланды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Құрманғазы Есқазиев:

– «ПетроҚазақстан Инк.» компаниясымен біздің ынтымақтастығымызды жемісті деп айтуға болады. Біз компания басшылығының қойылған бизнес міндеттерді орындау жолындағы жұмыстарын қолдаймыз.

Саладағы дағдарысқа қарамастан, жұмыс орнын сақтау жөніндегі маңызды әлеуметтік міндетіміз сол күйінде сақталады. Егер компанияның қаржылық және экономикалық жағдайы нашарлайтын болса біз шығыстарды оңтайландырудың әртүрлі нұсқаларын қарауға мәжбүр боламыз. Алайда, адам еңбегі және компанияның дамуындағы оның үлесі біз үшін басымдылық болып табылады. 

Біз «ПетроҚазақстан Инк.» компания-сының қызметкерлерін барлық әлеуметтік маңызды ірі қоғамдық іс-шараларымызда – жыл сайынғы спартакиада, үздік маман байқауы және әртүрлі мерекелік шаралардан көргіміз келеді.

«ПетроҚазақстан Инк.» барлық 2000  адамы – ҚМГ БӨ үлкен еңбек ұжымы үшін аса құнды.

 Біз үшін басты капитал – бұл біздің адамдар, еліміздің төрт облысында еңбек етіп жатқан 26 мыңға жуық қызметкерді құрайтын үлкен ұжым. Біз сіздердің қажырлы еңбектеріңізді бағалаймыз, әрдайым біздің көмегімізге сүйене аласыздар.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және біздің басты компания ҚМГ ҰК корпоративтік дамыту және басқару жүйесінде ұлттық көшбасшылар болып табылады.

Бүгінгі күні бірқатар стратегиялық активтермен ынтымақтастықтың жақсы үлгісін көрсетіп отырған ҚМГ ҰК және қытайлық CNPC стратегиялық серіктестер болып табылады.

Бізолардыңтұрақтылығы мен табыстыдамуынамүдделіміз. Бізынтымақтастығымыздыоданәрі де жалғастырып, қазіргіуақытқиындығынбіргееңсеріп, біздіңортақұжымдағытұрақтылық пен табыстылықтыбірлесіпқамтамасызетейік!

Фан Цзячжун, «ПетроҚазақстан Инк.» Президенті, бас атқарушы директоры:

– «ПетроҚазақстан» басшылығы атынан Есқазиев мырзаға және оның әріптестеріне Алматыға қош келдіңіздер деймін. Біздің акционерлерге олардың ұдайы қолдаулары үшін, сондай-ақ директорлар кеңесіне бизнесті тиімді жүргізуге бағыттаған қызметтері үшін алғысымды білдіремін.

Әрине, біздің бөлімшелер қызметкерлері де өндірістік процестердің барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келіп, жетістіктерге жетуі үшін үлкен күш жұмсап еңбек етуде.

Қазіргі уақытта барлық мұнай өндіруші компаниялар 2014 жылдың қыркүйегінен бері барреліне 100 доллар деңгейден бастап құлдыраған мұнай бағасының қысымын бастан кешіп отыр. Компанияның жағдайы үшін, ақша қаражаттары бойынша оң көрсеткішке жету мақсатында шығыстарды оңтайландыруға көп күш жұмсалды. Осылайша, акционерлермен, Директорлар кеңесінің басшылығымен ынтымақтастықтың, кәсіби тұрғыда атқарылған және өз ісіне берілген қызметкерлердің қажырлы жұмысы арқасында, мен «ПетроҚазақстан»  болашағына сенемін.

Анықтама:

«ПетроҚазақстан» – ықпалдастырылған мұнайгаз тобы: геологиялық барлау, кен орындарын игеру, мұнай-газ өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу,  мұнайды, мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату қызмет жүйесіне кіреді.

«ПетроҚазақстан» компаниялар тобының өндірістік құрылымдар негізін  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС(ПҚОП) екі бөлімшесі құрайды. Қызылорда облысында орналасқан ПҚҚР мұнай өндірумен, ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы  Шымкент қаласында орналасқан ПҚОП мұнайды қайта өңдеумен айналысады.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2009 жылдан бері «ПетроҚазақстан Инк.» акциялар пакетінің 33% үлесіне ие. «Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы» (CNPC) «ПетроҚазақстан» басқа акционері болып табылады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх