Ой түрткі. Бізге романтика жетіспейді!

Ой түрткі. Бізге романтика жетіспейді!
05.04.2018
248
Әлеумет

Ой түрткі. Бізге романтика жетіспейді!

Сіз бен Біздің балаларымыз теледидардан тамашалап жүрген «Қошқар мен теке» мультфильміндегі текенің «Бізге романтика жетіспейді» деген сөзіне ойланып қалдым. 
Расында да, үй-жұмыс, жұмыс-үй деп жүріп романтикадан алыстап кеткенімізді де сезбей қалған сияқтымыз. 
Романтика – арайлап атқан таң. Романтика – көтеріңкі көңіл күй. Хакім Абай «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» – дейді. Бейнелеп айтатын болсақ, жүрек – адам баласының «негізгі моторы». Жақсылықты да, жамандықты да сүзгіден өткізетін жүрек қана. Нағыз романтика – отбасы сыйластығы мен пенденің өзін-өзі құрметтеуінен тұрады. Романтика дегеніміз мейірімділік. Толстой жер бетінде мейірім болмаған кезде қасіреттің де көбейетінін кейіпкерлері арқылы ашық айтып кеткен. Кешірім, мейірім, қайырымдылық бәсеңдеген кезде, қорқынышты, азапты, дертті дүниелер көбейеді. Мейірім – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Рухани байлық болмаған жерде қауіп-қатер көп. Әр отбасы күнделікті баласына, анасына, сүйген жарына жақсылық тілесе, күйзеліс те болмас еді. Құс екеш құстың өзі бір-біріне мейірім танытады. Пенде жаратылысында сабырсыз әрі қателік жасауға бейім тұрады. Өмір мен өлім арасындағы адам ғана тіршіліктің қадірін біледі. Сізге романтика керек пе? Ендеше кешірімді болыңыз, қайырымды іс атқарыңыз, достарыңызды, әріптестеріңізді, ағайындарыңызды қуанта біліңіз. Мейірімді болсаңыз, өзгені де мейірімге бөлейсіз. Махаббат бізге жайлылық пен жылу береді. 

Сарша Сүгірәлі,
 «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкері

* Фото авторы Марат Оразбаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ Әлеуметтік жұмыс департаментінің аға маманы 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх