Бақыт – Өзіммін!

Бақыт – Өзіммін!
05.04.2018
192
Қызметкерлер

Бақыт – Өзіммін!

Бақыт – Өзіммін!
Бекерге емес мен өмірге келгенім,
Менде өзімше Бақытымды іздедім,
Жазда емес, қыста емес – көңілге,
Көктемгі бір бақыт гүлін іздедім.
Бақыт пе еді, сән-салтанат сәулетім,
Ол да емес ау Бақыт пе екен дәулетім,
Бақыт пе еді, төбемдегі жұлдыздар,
Бәлкім күн бе, төккен бізге сәулесін.
Бақыт-Бақыт мүмкін ол бір алданыш,
Болатұғын өз-өзіме жұбаныш,
Мүмкін Бақыт асу-асу шатқал ма?
Жетер ме едім, сәйгүлікпен шапқанда.
Әлде ол бір сағым болған елес пе...
Жақындасам жоғалатын келмеске,
Бақыт деген құс па келіп қонатын,
Әжем айтқан ертегіде болатын.
Бәлкім ол бір – өсіп тұрған жапырақ,
Күз келгенде кететұғын қалтырап,
Әлде ол бір кереметтей құдырет,
Жете алмаған талпынсам да мың рет.
Жо-жоқ білдім, білдім Бақыт не екенін,
Бақыт деген – Менің Өзім екенмін!
Бекерге емес мен өмірге келгенім
Нағыз бақыт – Менің өзім екенмін!

Рамила Аманжолова,
Жаңаөзен қаласы 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх