ҚМГ БӨ 1-тоқсандағы операциялық нәтижелерін жариялады

ҚМГ БӨ 1-тоқсандағы  операциялық  нәтижелерін жариялады
28.04.2018
250
Өндіріс

ҚМГ БӨ 1-тоқсандағы операциялық нәтижелерін жариялады

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ осы жылдың бірінші тоқсанындағы операциялық нәтижелерін жариялады.
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «ПетроҚазақстан Инк.» үлестерін қоса алғанда, 2018 жылдың бірінші тоқсанында 2 898 мың тонна мұнай өндірді.Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бірдей деңгейде болып тұр. 
2018 жылдың бірінші тоқсанында «Өзенмұнайгаз» АҚ 1 350 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2017 жылдың 1-ші тоқсанындағы көрсеткіштерден 1%-ға жоғары. «Ембімұнайгаз» АҚ 695 мың тонна өндірді. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 046 мың тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 1%-ға артық. 
CCEL, ҚГМ және ПҚИ компания­ларының өндіруіндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 852 мың тоннаны құрап, 2017 жылдың 1-ші тоқсанына қарағанда 3%-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты. 
Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату жағдайына келсек, ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2018 жылдың 1-ші тоқсанында 2 002 мың тоннаны құрады.Оның ішінде 1 265 мың тонна шикі мұнай экспортқа және 737 мың тонна ішкі нарыққа шығарылды. Бұл жалпы сату көлемінің 37%-ын құрайды. Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2017 жылдың осындай кезеңінде 34%-ды құрады. 
ӨМГ және ЕМГ 2018 жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарыққа жөнелткен 737 мың тонна шикі мұнайдың 535 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына және 202 мың тоннасы Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізілді. 
Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2018 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өнімдерін сату 669 мың тонна мұнай өнімдерін құрады. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп. 
Ал, CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 834 мың тонна мұнайды құрады. Оның ішінде 318 мың тонна мұнай экспортқа және 515 мың тонна ішкі нарыққа шығарылды. Бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 62%-ын құрайды. 2017 жылдың осындай кезеңінде ҚГМ, CCEL және ПҚИ ішкі нарыққа жалпы сату көлемінің 57%-ын жеткізді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх