«Адал еңбегі үшін алғыс айтамыз»

«Адал еңбегі үшін алғыс айтамыз»
28.04.2018
243
Қызметкерлер

«Адал еңбегі үшін алғыс айтамыз»

«Өзенмұнайгаз» АҚ, Химияландыру және экология басқармасында мұнай жабдықтарын ингибиторлық қорғау цехында дозиметрист болып жұмыс жасайтын Нұржамал Маңғыбаева өз кәсібінің майталман маманы. 
Осы басқармада 30 жылға жуық жұмыс істеп жүрген Нұржамал ақ адал теріңді төксең, бәрі болатынын жақсы біледі. «Оқу да, тоқу да – еңбек. Еңбекқор жұрт ешқашан жұтамайды. Халқы бай елдің мемлекеті де қуатты» – дейді ол. 
Әкімшілік-әлеуметтік қамту бөлімінің инженері Майра Қаналиева «Біз еңбекті, Нұржамал сияқты еңбек адамын жырлауымыз, насихаттауымыз керек. Өз ісін мүлтіксіз орындап, жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын еңбекқор жан мерейлі 50 жасқа толып отыр. Әріптесімізді туған күнімен құттықтай отырып, адал еңбегі үшін алғыс айтамыз» – дейді.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх