Ішкі коммуникация. Қарым-қатынаста қажет қарапайым кеңестер

Ішкі коммуникация. Қарым-қатынаста қажет қарапайым кеңестер
28.04.2018
223
Әлеумет

Ішкі коммуникация. Қарым-қатынаста қажет қарапайым кеңестер

 ​

Отбасыңыздан зайыбыңыз, балаларыңыз телефон соққанда немесе хат жолдағанда бірден жауап бересіз. «Неге іздеді деп білуге асығасыз және жауап беруді кейінге қалдырмайсыз». Әріптестің де хат-хабарламасына кешіктірмей жауап берсеңіз екі жақты қарым-қатынас нығая түседі.

 

Хатқа жауап беруге қолыңыз тимей жатса, «Хатыңызды алдым. Сізге мынадай уақыт ішінде сұраған ақпаратыңызды жолдайын» деп жауап жолдасаңыз болады. Хат жіберуші тараптың реніші туындамайды

 

.

«Рахмет» деген бір сөздің өзі жауап алушы тарапқа жылы әсер ететінін ұмытпаңыз. Бұл бір жағынан хаттың алушыға жеткенін де нақтылайды.

 

Хатқа жауап бермесеңіз, телефон тұтқасын көтермесеңіз және мұны бірнеше рет қайталасаңыз, ол адамның Сізге көңілі суып қалуы мүмкін. Коммуникация әлсірейді. Өзіңіз біреуге телефон соққанда жауап бермесе қандай көңіл күйде боласыз. Осыны ескеріңіз.

 

Телефонмен сөйлескенде адамның есімін әңгіме басында және қоштасқанда айтсаңыз, әріптесіңізге жылы әсер қалдырады.

 

Жақындарыңызды мерекемен, туған күнімен ұмытпай құттықтайсыз, жұмыстасыңызға да сондай ілтипат білдіріңіз. Мұндай сәтте ренжіп жүрген адам болса өкпесін ұмытады. «Жақсы сөз жан семіртеді». 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх