Әріптестеріміз Алматы Марафонына қатысты

28.04.2018
192
Қызметкерлер
Әріптестеріміз Алматы Марафонына қатысты
Сәуірдің 22 күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бір топ қызметкері Алматы қаласында өткен Қайырымдылық марафонына қатысты. Демалыс күндерін осындай ізгілікті шараға арнаған спорт сүйер қызметкерлер Ернұр Сәбікенұлы мен Жігер Жақашев – 42 шақырым, Уәлихан Пірімбетов пен Иван Коротков – 21 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, меже сызығына жетті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі марафонға еліміз бен әлем елдерінен келген мыңдаған әуесқой спортшылар белсене қатысады. Еңбекпен спортты қатар алып жүріп, қайырымдылық шараларынан тыс қылмайтын әріптестеріміз жетістіктерге жете берсін.