Жастар – Өзен кенорнының болашағы

Жастар – Өзен кенорнының болашағы
10.05.2018
176
Жастар

Жастар – Өзен кенорнының болашағы

«Өзенмұнайгаз» АҚ Жас мамандар кеңесі бас директор Бекзат Абайылдановпен кездесті. Кездесуде Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бауыржан Бәйімбетов есеп беріп, биылғы жылдың жоспарымен бөлісті. Кездесуге компанияға қарасты 16 басқарма директорлары да қатысып, кеңес жұмысына қызығушылық танытты.

Кездесуде сөз алған «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Бекзат Абайылданов жастардың компания өмірінде алатын орны, маңызы мен рөліне тоқталды. Бас директор жастардың білімі мен біліктілігін ескере отырып, лауазымдық өсу жүйесінің бірыңғай ережесін жасақтау туралы Персоналды басқару және дамыту департаменті директоры Ермек Көптілеевке тапсырма берді. 
Жастардың рационализаторлық жобаларын өндіріске енгізу, патенттеу істерін жүйелі түрде жүзеге асырып отыру үшін тұрақты комитет құру туралы нақты ұсыныс айтты.
«Келер заман – ой тереңдігі, өре биіктігі бәсекесінің заманы. «Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген сөз бар. Компания болашағы қайрат-жігері, қуаты мол аса дарынды жастардың қолында», – деді Бекзат Абайылданов.
Кездесуде бір топ белсенді жас маман бас директордың Алғыс хатымен марапатталды. Ашық та, нақты пікірлесу, жаймашуақ әңгімелесу түрінде өткен шара – басшы мен жастар арасын жақындастыра түсті. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх