Қоғам және Заң

Қоғам және Заң
10.05.2018
234
Қызметкерлер

Қоғам және Заң

Өзенмұнайгаз» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының және қолданыстағы заң талаптарының аясында ұйымдастырады. 
Компанияда күнделікті атқарылатын қызметтердің, жасалатын жұмыстардың, қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заң талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету, Құқықтық блок яғни, Құқықты қамтамасыз ету департаментінің еншісінде. 
Компанияның заң талаптарына сәйкес жұмыс жасауы және оның күнделікті іскерлік қатынастарда көрініс табуы – Компанияның болашағына және өсіп-өркендеуіне кепілдік боп табылады.     
Мұндай кепілдік, тек қана жоғары деңгейдегі кәсіби маман иелері – заңгерлермен іске асырылады.  
Мемлекеттік бақылау, қадағалау, құқық қорғау, сот органдарында Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерінің тиісті деңгейде қорғалуы және Компанияға қатысты мәселелердің оң шешімін табуы, департамент заңгерлерінің жоғары кәсіби қабілеттігін дәлелдейтін бірден-бір көрсеткіші екені даусыз.
Компанияның құқықты қамтамасыз ету департаменті, әлемдік компанияның Құқықтық блогы сияқты – өндірістік-шаруашылық жұмыстар бойынша корпоративтік шешім қабылдау барысында туындайтын құқықтық жағымсыз әрекеттердің алдын-алатын – тәуекел менеджері ретінде әрекет етеді. 
Департамент заңгерлері, Қоғамның барлық салаларының қызметтері бойынша құқықтық көмек көрсетіп, шешім қабылдауға өз септігін тигізуде.
Жұмыс барысында заң нормаларының бір-біріне қарама-қайшылығы туындаған жағдайда, департамент жұмыскерлері, тиісті құзіретті мемлекеттік органдар арқылы  заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұдайы атсалысады.
Сондай-ақ, жекелеген еңбек дауларының бейбіт түрде шешілуін қамтамасыз ету, Қоғам мен кәсіподақ жұмыскерлеріне заң нормаларын түсіндіру мен жеткізу жұмыстары тұрақты түрде жолға қойылған.     
«Өзенмұнайгаз» АҚ дербес заңды тұлға болып, өз қызметін бастағаннан бері, департамент мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Қоғамға елеулі кіріс келтіріп қана қоймай, Қоғамның беделін  республикалық деңгейге көтерді, дәлірек айтсақ;  
1. Соңғы бес жыл ішінде Құқықты қамтамасыз ету департаменті тарапынан сын-талап жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, Қоғамға 6 млрд. теңгеге жуық пайда келтірілді.
2. Өткен жылдары мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының Қоғамға қатысты қолданған құны: бірнеше жүздеген миллиардтар құрайтын айыппұлдарды, сот органдары арқылы Департамент заңгерлері жоққа шығарды.     
3. Соңғы 30-40 жыл ішінде шешімін таппай қордаланып қалған Қоғамның контрактілік аумағынан тыс орналасқан тарихи мұнай қалдықтары,  сот шешімі арқылы иесіз деп танылып, коммуналдықтан республикалық меншікке өтті ал, Қоғамның контрактілік аумағындағы тарихи мұнай қалдығының заңдық мәртебесі сот шешімімен анықталды. 
Қоғамдағы Құқықтық блоктың ұйымдастыруымен атқарылған ауқымды жұмыс нәтижесінде, соңғы жылдары мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан және сыртқы Ықтимал өнім берушілер тараптарынан Қоғамға қолданылатын күрделі айыппұлдар мен арыз шағымдар саны күрт азайып, қазіргі таңда ондай күрделі фактілер жоқ десе де болады. 
Қоғамға қарасты 28 құрылымдық және 17 өндірістік құрылымдық бөлімше қызметтерін Департамент тарапынан құқықпен қамтамасыз ету жұмыстары күнделікті және тұрақты жүргізілуде. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх