Туған жерім Комсомолым

Туған жерім Комсомолым
10.05.2018
171
Әлеумет

Туған жерім Комсомолым

Мақат ауданына қарасты Комсомол поселкесі, мұнай арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған шап-шағын ауыл болатын. Бұл ауылдың адамдары қазақы қаймағы бұзылмаған бір-бірімен өте тату-тәтті болатын. Ауыл өрісінде төрт түлік малы, жанға жайлы ауасымен ерекшелінетін. Осы ауыл топырағында аунап өскен азаматпын. Менің осы туған жеріме деген махаббатым өлеңіммен өрнектелген. Ауылдастарым бәрі де мұнайшылар. Қазіргі таңда вахталық әдіспен еңбек етіп жүр. Барша ауылдастарыма туған жерлерін еске салатындай қылып, өзімнің жүректен шыққан туындымды өзіміздің төл газетіміз арқылы жолдап отырмын.

Туған жерім Комсомолым

Туған жер кіндік кескен Комсомолым.
Алыстан аңсап жүрмін таң самалын
Саф алтын таңғы таза ауасымен
Тыныстап кеуде кере тамсанатын.

Комсомол айналайын белдеріңнен
Теңіздей толқып жатқан көлдеріңнен
Төрт түлік малға толған белестерің
Комсомол жер ұйығы емеспе едің?

Комсомол 43-те ашылыпты
Мұнайы майданға да тасылыпты
Сол күннен мына бүгін бізге жеткен
Комсомол айналайын асылымсың

Комсомол алтын бесік,алтын ұям
Өзіңнен басқа жерге қалай сиям
Балалық бал дәуренім сенде өткен
Комсомол мен өзіңді қалай қиям?

Бұл күнде Комсомолым шарықтайды
Халқы да ешнәрседен тарықпайды
Тәуелсіз ел болған соң көтеріліп
Көңілі Комсомолдың қалықтайды

Қасында Комсомолдың Алтыкөл бар
Жеткенше Алтыкөлге алты бел бар
Сол жерде кен орнында еңбек еткен
Мұнайшы қыздар менен жігіттер бар

Шіркін ауыл сен неткен керемет ең
Мен өзіңді жұмаққа теңеп өтем
Топырағыңнан нәр алдым бала кезден
Өзіңді мен осылай жырлап өтем.

Тұрлан Кенесариев, 
«Комсомолдан» шыққан мұнайшы
«Доссормұнайгаз»

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх