Мұнайшы техника ғылымдарының құрметті докторы

Мұнайшы техника ғылымдарының құрметті докторы
18.05.2018
150
Қызметкерлер

Мұнайшы техника ғылымдарының құрметті докторы

«Өзенмұнайгаз» АҚ МГӨБ-1 Мұнай және газ өндіру жетекші инженері Мұрат Қожабергенов өндірісте еңбек ете жүріп, ғылымның дамуына өз үлесін қосып жүр. Мұраттың саладан қол үзбей жүріп, үнемі ізденісте болуы оның өз мамандығына деген адалдығы мен ерекше сүйіспеншілігін көрсетеді. Бұл еңбегінің нәтижесі де аз емес. 
2018 жылы Мәскеу қаласындағы Ұлттық техникалық зерттеулер университеті (МИСиС) өткен Мәскеу тау-кен академиясына (АГН) 100 жыл толуына орай, сондай-ақ XXVI бүкіл әлемдік ғылыми симпозиум «Неделя Горняка» – атты конгресіне қатысып, бүкіл әлемдік «Тау-кен саласының ғылыми академигі» атанып, академия мүшесі болып, дипломмен марапатталды. 
2018 жылы Аймақтық менеджмент Академиясы Төралқасының шешімімен «Техника және технологияның дамуына қосқан үлесі үшін» Н.Тесла атындағы Алтын медалімен марапатталды. 2018 жылы Аймақтық менеджмент Академиясы Төралқасының шешімімен үздік дипломмен техника ғылымдарының құрметті докторы атағына ие болды.
Мұрат Қожабергеновтің еңбекте және ғылым саласында жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтқанда, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының 25 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған республикалық байқаудың жеңімпазы атанып, «2016 жылдың Үздік инженері» атағына ие болды. Алтын медаль және дипломмен марапатталды. Ал, 2017 жылы Астанада өткен ЭКСПО-2017 «Дүниежүзілік инженерлер ғалымдар Конгресі: Болашақтың энергиясы:инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» атты конгресіне жолдама алып «Өзен кен орындағы суланған қабаттардағы қалдық мұнайды эксперименталды зерттеулер нәтижесімен шығару» атты тақырыптағы еңбегі дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар назарында болып, танылған еді. 
Әлемдік ғылыми конференцияларға қатысып, 30-дан астам ғылыми жұмыстары және мақалалары, монографиясы, кітаптары жарық көрді. «Калдық мұнайды физикалы-химиялық әдістермен шығарудың проблемалары», 2017 жылы «Прогноз разработки нефтегазовых залежей» кітаптары жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық тау-кен Ғылымдар Академиясының Президенті, академик, техника ғылымдарының докторы Нұрлан Рыспанов 2017жылы мұнайшылар күніне орай Жаңаөзен қаласының мәдениет сарайында «Тау-кен ғылым саласының үздігі» атағын келіп табыстап, төсбелгімен марапаттаған. 2017 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбіловтің Құрмет грамотасымен және  «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ басшыларының тарапынан Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарды иеленді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх