Байқау шеберлікті шыңдайды

Байқау шеберлікті шыңдайды
18.05.2018
146
Қызметкерлер

Байқау шеберлікті шыңдайды

Қаражанбас кен орнында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Үздік маман-2018» кәсіби шеберлік сайысының екінші кезеңіне қатысуда. Бұл сынға біліктілік шеберліктерін көрсетіп жатқандар бірінші кезеңде тестілеуден сынақ тапсырған болатын. Одан кейінгі бөлімде практикалық тапсырмаларды орындап, өзара мықтыны анықтайтын болады.


Жуырда біз «Қаражанбасмұнай» компаниясы мұнайшыларының  50 миллионынша тонна мұнай өндіргені туралы ақжолтай жаңалықты жарияладық.


1980 жылдан бері мұнай өндірісінде өз жұмысын бастаған «Қаражанбасмұнай» АҚ қырық жылға уақыттан бері жер қойнауын игеріп келеді. Бүгінде осынау кенішті игеріп жатқан мұнайшылар жыл сайын өзара кәсіби шеберлік байқауына қатысып, жеңістерге жетіп, компания дамуына өз үлестерін қосуда. Байқау – бұл әр маманның өз кәсібіне деген сүйсіпеншілігін, алға ілгері даму, биік белестерді бағындыруға деген ұмтылыс, өндірістік жұмысқа деген жоғары жауапкершіліктерін байқатады. Ендеше, сынақ бәйгесіне түскен барлық мұнайшыларға сәттіліктер серік болсын! 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх