Еңбек адамы

Еңбек адамы
18.05.2018
126
Қызметкерлер

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты №1 Мұнай-газ өндіру басқармасында жұмыс жасайтын Үсен Таңатаров мұнай саласында 43 жыл жұмыс жасап, бұйыртса зейнеткерлікке қамданып жатыр. Қа­рапайым оператор, шебер болып жұмыс жаса­ған мұнайшы «адам тұрмақ шыбын-шіркей де толас­сыз, тынымсыз еңбек етеді емес пе?» – деп күледі. 
Өмірінің жартысынан көбі өндірісте өткен Үсен аға ұжымына бауыр басып қалғанын айтады. Бұрынғылардың «Бір қазаннан дәм татқан-бір туғаннан несі кем» – дегені осы шығар...
Бүгінде аталмыш басқарманың №5 Шоғырланған сораптар станциясында шебер болып жұмыс істеп жүрген Үсен Өсербайұлы туралы әріптестері жұмысты жүйелі ұйымдастыра білетіндігін айтады. 
«Мен бала жасымнан мұнайшы болуды армандап өстім. Өмірімді жұмыссыз елестете алмаймын. Жұмыс жасамай отырсам  тоқтап қалған уақыттың ішінде қамалғандай күй кешемін» – дейді мұнайшы аға. 
Жұмысқа жанашырлықпен қарайтын мұнайшы аға компания басшылығы тарапынан берілген марапаттарға дән риза. Жарты ғасырға жуық еңбек еткен ол әріптестеріне де, еңбектің бағасын білетін компания басшылығына да шексіз алғысын білдіреді. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх