«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының жаңа құрамы бекітілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының жаңа құрамы бекітілді
22.06.2018
177
Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының жаңа құрамы бекітілді

Еліміздің мұнайгаз саласындағы ірі отандық ұлттық оператор – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының жаңа ұйымдастырушылық құрылымы жасақталып, Басқарманың жаңа құрамы бекітілді. 
Құрылымдық өзгерістерге байланысты, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Басқарма төрағасы, Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев Басқарма төрағасының газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары, Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары, Дәурен Сапарәліұлы Қарабаев Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры, Данияр Сүйіншілікұлы Тиесов Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау және маркетингі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Сонымен қатар, Серік Сақбалдыұлы Әбденов Адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директор, Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышов құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
Айта кету керек, осы жылдың 12 маусымындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша ҚМГ ҰК Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры қызметін қоса атқарады.

Сауат Мыңбаев

 

Қайрат Шәріпбаев

 

Құрманғазы Есқазиев

 

Дәурен Қарабаев

 

Данияр Тиесов

 

Серік Әбденов

 

Ардақ Мұқышов

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх