Табысты жобалар өндіріске таралады

Табысты жобалар өндіріске таралады
07.04.2016
477
Трансформация

Табысты жобалар өндіріске таралады

Сәуірдің 6-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да ҚМГ Трансформациясы бағдарламасының «Диагностика және Дизайн» 1-кезеңінің жабылуына арналған Ақпарат күні өтті.

Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, ҚМГ өндірісті әлеуетті дамыту бойынша Басқарма төрағасының орынбасары – «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В» ҚР-дағы ЖШКФ бас директоры Глеб Люксембург, ұлттық компания корпоративті орталығының, мұнай барлау, өндіру, өңдеу және маркетингі бойынша еншілес ұйымдардың, сондай-ақ ҚМГ және «Самұрық-Қазына» трансформация командаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Өмірзақ Шөкеев Қор және жалпы Қазақстандағы Трансформация бағдарламасының мәні, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының нәтижелері мен жоспарлары, ҚМГ-ның трансформация бойынша бірлескен жобаларын іске асыруға үлесі жайында айтты. «Трансформация жайлы айтқанымызда көп адамдар бұның барлығын теория ретінде қабылдаған. Бұл олай емес. Бұның барлығы практикалық түрде жүзеге асады. Бүгін ҚазМұнайГазда жасаған жоспарларды жүзеге асыру кезеңібасталды. Трансформация компанияны жаңа сапаға шығарады. Қарапайым тілмен айтсақ, трансформация дегеніміз нарықтағы өзгерістерді алдын-ала байқау, уақытында анықтау, түсініп, соған сәйкес құрылымдық өзгеруді білдіреді. Компанияларға тұрақты өзгерістерді қабылдау өте маңызды, себебі оларн арықтағы жағдайларға уақытында бейімделіп үлгеру ітиіс. Мен ауқымды жұмыстардың жасалғанына тап айтқым келеді. Бүгінгі күні қарқынды істердіт көріп отырмын, қолдаймын, құптаймын. Адамдар бұл идеямен қызу жұмыс істеуде», – деді Ө.Шөкеев.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өз сөзінде сыртқы факторлар ҚМГ-ға жағымсыз әсер ететінін айта келіп, жаңа жағдайда сәтті қызмет ету үшін жүйелі өзгерістер қажеттілігін айтты.  Трансформацияның бірінші жылы ҚМГ-ның қазіргі ахуалын, мүмкіндіктері мен әлеуетін шынайы бағалауға мүмкіндік берген, қазіргі уақытта компанияның жаңа операциялық моделінің тұжырымдамасы дайындалған.

С.Мыңбаев жаңа операциялық модель «ҚазМұнайГаздың» жұмыс нәтижелілігін арттыруға, қызметтердің қайталануының алдын алуға мүмкіндік беретіндігін, қабылданатын шешімдер жылдамдығы мен табыстылығын арттыратындығына сенім білдірді.

ҚМГ өндірісті әлеуетті дамыту бойынша Басқарма төрағасының орынбасары – «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В» ҚР-дағы ЖШКФ бас директоры Глеб Люксембург трансформация бағдарламасының 1-кезеңіндегі жұмыс қорытындысын түйіндеді.

Шарада сөйлеген «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ бас директоры Қ.Есқазиев Трансформация бағдарламасы аясында «Ембімұнайгаз» АҚ еңбек ұжымының атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. «ЕМГ еңбек ұжымы бұл жұмыстарды ықыласпен жедел алып кетіп, жан-жақты қолдау көрсетті. Осылайша, біз осы уақыттар ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Бұл жұмыстарды ақпан айының басында «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығына таныстырдық. Ембіде енгізілген «Интеллектуальды скважина», «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету процессін оңтайландыру», «Техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу» жобалары ҚМГ БӨ компанияларына таратылатын болады», – деді ҚМГ БӨ бас директоры. 

Аталған шара Трансформация бағдарламасын іске асыруға қатысып, жобалық командаға қолдау көрсетіп жүрген «ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» трансформация командалары мен еншілес ұйымдарының үздік өкілдерін марапаттаумен аяқталды. «Трансформация мақсаттарын ілгерлетуде көрсеткен көшбасшылығы үшін» құрметі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративті даму бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев, «ҚазМұнайГаз»БарлауӨндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және «ҚазМұнайГаз» – өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры Данияр Тиесовке берілді.

Сондай-ақ, «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» компанияларының бірқатар қызметкерлері «Трансформация бағдарламасын қолдағаны үшін», «Жобалық командаға Трансформация бағдарламасын іске асыруға жәрдем көрсеткені үшін», «Жоғары кәсіби білігі және іскерлік құзыреттілігі үшін» номинациялары бойынша марапатталды. Осындай марапаттарды иеленген ЕМГ қызметкерлері Д.А.Шарипбаев, М.Р.Рахметуллин, Б.М.Нсанбаевжәне ӨМГ қызметкерлері Ж.К.Балуанов, Ш.С.Пангерееваны табысты жұмыстарымен құттықтаймыз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх