«Қаражанбас» АҚ кәсіподағына жаңа төраға сайланды

«Қаражанбас» АҚ кәсіподағына жаңа төраға сайланды
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы ауысты. Бастамашы топтың ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығында өткен конференция барысында жаңа төрағаны сайлау туралы ұсыныс беріліп, қатысушы делегаттардың бір ауыздан қолдауымен Құрылыс-жөндеу цехының басшысы Айтбай Кужухов төраға болып сайланды. Сонымен қатар, бұл жиында кәсіподақтың төралқа мүшелері де дауыс беру арқылы қайта жасақталды.
Конференцияға «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ делегаттары, Астана мен Атырау қалаларындағы салалық кәсіподақтар ұйымының өкілдері қатысты.
Жаңа төраға Айтбай Төлегенұлы көпшілік сенімі үшін алғыс білдіріп, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы міндеттерді табысты атқаруға күш салатындығын атап өтті.