«Медикерге» мұнайшылар дән риза

«Медикерге» мұнайшылар дән риза
22.06.2018
153
Әлеумет

«Медикерге» мұнайшылар дән риза

«Кендірлі» демалыс аймағында орналасқан «Медикер» медициналық-сауықтыру орталығында бүгінгі күні 79 адам демалып, ем-дом қабылдап жатыр. Орталық терапевт-дәрігері Зәмзә Ғаббасқызының айтуынша, мұнда мұнайшылардың көбісі буын және бел ауруымен келетін көрінеді.

«Жалпы адам баласы жасы ұлғайғасын жылына бір рет дәрігерге қаралып, қан қысымы, жүрек қағысы, асқазан, ұйқы безі, бауыр деген ішкі құрылысын тексертіп тұруды әдетке айналдырғаны жөн», – дейді дәрігер. 
Демалушылар өздеріне көрсетілетін қызмет сапасының жоғары деңгейде екендігін айтты. Асхана тамағының анағұрлым жақсарғандығына тоқталып өтті. Дәрігер-терапевт Зәмзә Ғаббасқызына, аға мейірбике Ақбибі Жұбанқызына, шаруашылық бөлім меңгерушісі Балбибі Құттығұлқызына риясыз еңбектері үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Амантұрлы Байбосынов,
«Өзенмұнайгаз» АҚ, №4 МГӨБ зерттеу цехы операторы:     

– Маңғыстау жалпы Құдайдың нұры жауған өңір ғой. Демалыс орны керемет. Буланып отыратын ағаш қауғада ем қабылдау да бір ғанибет. Денсаулықты нығайтуға үлкен пайдасы бар деп ойлаймын. 

Анар Досанова,
«Өзенмұнайгаз» АҚ, №1 МГӨБ, 4 «а» ШСС машинисі:

– Осы жерге екінші рет келіп демалып жатырмын. Демалыс тамаша өтіп жатыр. Бір жақсысы, мұнда алаңсыз демалады екенсің. Еміңді аласың, таңертең йодты ауаны көкірек кере жұтып тұрып рахаттанып қаласың. Ас мәзірі күнде өзгеріп тұрады. Тамағы дәмді-ақ! Ал дәрігер мен мейірбикелердің сыпайы қарым-қатынасына қарап көңілің көтеріледі. Тіпті осы жерден кеткім келмей тұр. Теңіз жағасына біздер үшін осындай шипажай салып берген компания басшыларына алғысым шексіз. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх