Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар
14.08.2018
158
Өндіріс

Судың да сұрауы бар

«Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС ұжымы мұнай өндіру саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Мекеме теңіз суын тасымалдап, мұнайшылардың ауыз сумен қамтамасыз етілуіне және мұнайдың өндірілуіне өз үлес қосып отыр. Ауқымды жұмыстар еңбек ұжымының зор қажыр-қайраты мен ерен еңбегінің, өзара сыйласқан ынтымақ-бірлігінің арқасында іске асырылуда. 


Серіктестік еліміздегі ұлттық мерекелерді өз деңгейінде атап өтіп, дәстүрді жалғастырып келеді. Әр жыл сайын Наурыз мейрамын ұйымшылдықпен атап өтеді. Мұндай мерекелік шараларды қызметкерлер тамашалап қана қоймай, өздері де өнерлерін көрсетіп, әріптестерінің ыстық ілтипатына бөленіп жүр. 
Биылғы жылы жұмыскерлер қазақ фильмдерінен үзінді көрсетіп, көрермендердің көзайымына айналып, зейнеткерлердің  жастық шағына саяхат жасап, көңілдерін бір көтеріп, сый жасады.  
«Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болған Қайырбек Елеусіновтің, Бақылау кеңесінің төрайымы Айнұр Шаненованың қолдауымен көптеген үлкен жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, ескі ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа тұрмыстық-шаруашылық кешендер бой көтерді. Өндірісте жаңа құбырлар орнатылып, сонымен қатар, заманауи технологиялар енгізілді. Бұл игі істердің барлығы «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС жұмыскерлерін қуанышқа бөледі. 


Құмды өлкеде орналасқан Түйесу және Сауысқан кен орындары Маңғыстау облысының көптеген елді-мекендерін ұзақ жылдардан бері ауыз сумен қамтамасыз етіп, мұнайшылардың алғысына бөленіп келеді. Кен орындард 2016-2018 жылдары бұрын соңды болмаған тұрмыстық-шаруашылық кешендер бой көтеріп, жұмысшылардың еңбегіне жаңа серпін берді. Кен орындардағы ескі ғимараттар өткен ғасырдың 1970-ші жылдары салынып, тозығы жетіп, жарамсыз жағдайда еді.   
2017-2018 жылдары Жаңаөзен қаласында орналасқан, Өндірістік жабдықтарды дайындау бөлімшесінің екі бірдей сораптар станциясына жұмысшылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар қарастырылған жаңа тұрмыстық-шаруашылық кешендер салынып қолданысқа тапсырылды. 
2018 жылдың басында Ақтау және Жетібай бөлімшелерінің асханаларына күрделі жөндеу жүргізіліп, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, өндірістік аймақтарда орналасқан ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 
«Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-нің қарамағындағы барлық өндірістік аймақтарына қауіпсіздік шараларын күшейту  мақсатында бейнекамералар орнатылып, орталықтандырылды. Аталған шара қазіргі таңда өз жемісін беріп келеді.
Соңғы бес жылда Ақтау-Жетыбай-Жаңаөзен құбыр бойындағы тозығы жеткен 17 шақырым құбыр «Кен құрылыс Сервис» ЖШС жұмыскерлерінің қызмет көрсетуімен жаңартылса, 4,5 шақырым құбыр аталған басқарма өз жұмыскерлерінің күшімен жаңартылды.  
Бұл басқарманың негізгі қызметінің бірі ол – теңіз суын тасымалдау болғандықтан, су тасымалдау үшін жұмсалатын электр қуатына кететін шығын «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС табысының 3/2 бөлігін құрайды. Электр қуатын үнемдеу мақсатында, 2017 жылы жаңа сораптар қондырылып, қазіргі таңда жаңа қондырғылар өз жемісін беруде. Атап айтқанда электр қуатын пайдалану шығыны өткен жылдармен салыстырғанда 30%-ға төмендеді. 
Мекеме өндірісте ғана емес, мемлекеттің және қаланың қоғамдық жұмыстарына да белсенді араласып жетістіктерге жетуде. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы ұйымдастырған Үздік бастауыш партия ұйымы Республикалық байқауының 1-санаты бойынша І орын иегері атанды. 
Жоғарыда аталған жетістіктер «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС еңбек ардагерлерінің және ұжымның қажырлы еңбегінің нәтижесі. 

Ақтоты СҮТБАЕВА,
«Су өндіру және тасымалдау 
басқармасы» ЖШС қызметкерлерді басқару,
еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат тобының жетекшісі 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх