Мұнайшы денсаулығы – кәсіподақ назарында

Мұнайшы денсаулығы – кәсіподақ назарында
14.08.2018
122
Әлеумет

Мұнайшы денсаулығы – кәсіподақ назарында

Психологтар демалыс адамдардың еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыратынын айтады. Ауру асқынып кетсе, қиын болатынын жақсы түсінетін өзенмұнайгаздықтар жыл сайын еңбек демалысында кәсіподақтан жолдама құнының 30 пайыз қаражатын төлеп, Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан шипажайларға барып, ем алып, денсаулығын нығайтып қайтады.
Атап айтатын болсақ, компания қызметкерлері үшін Сарыағаш, Ақ тілек, Манкент, Алтын-Қарғалы, Қазақстан, Жаңақорған, Шағала, Сосновый бор, Балқаш, Мерке, Т.Рысқұлов сияқты шипажайлардың есігі ашық.
«Қазақта «ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ» деген нақыл бар. Баға жетпес байлық саналатын денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. «Адам денесінің жетілуі оның денсаулығына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денені сауықтыру керек» дейді Әл-Фараби бабамыз. 
Дертіне шипа, деніне саулық тілейтін мұнайшылар жыл бойы кәсіподақ ұйымынан өздерінің қалаған жеріне жолдама алып, шексіз алғыстарын айтып кетеді. Олардың алғысы біздің жұмысқа деген құлшынысымызды арттырады», – деді кәсіподақ маманы Жанар Мананова.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх