Еңбек қауіпсіздігін сақтау басты міндет

Еңбек қауіпсіздігін сақтау басты міндет
29.04.2016
572
Еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігін сақтау басты міндет

«Ембімұнайгаз» АҚ бойынша еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау шаралары талапқа сай жүргізіліп келеді. Өндірісте станок-тербелмелер, қыздыру пештері, сораптар, резервуарлар, газ дайындау қондырғылары, топтық өлшеу құралдары сынды барлығы төрт мыңнан астам қауіптілігі  жоғары жабдықтар мен қондырғылар бар. Сондықтан бұл нысандарда сақтық шараларына басым көңіл бөлінеді. Кәсіпорынға қарасты ұңғымаларды мұнай бұрқақтары пайда болуынан сақтау, алдын алу және жою  бағытында «Ақ Берен» РМКМ жұмыс жасайды. 

Қоғамның барлық жұмысшылары толықтай медициналық тексеруден өтіп, емделуді қажет еткен қызметкерлерге еліміздегі шипажайға жолдама берілді. Жұмыс алдында жұмыс орындарында бекітілген мамандықтар тізімі бойынша ауысымалды медициналық куәландыру жүргізіледі. Ал, арнайы киімге келсек, жұмысшылар арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз етілді. Мұнда киімнің сапасына, ыңғайлылығына, отқа қауіптілігі, ауа өткізгіштігі және май өткізбеушілігіне ерекше мән берілді. Сондай-ақ ЕҚ бойынша барлық жұмысшылардың өмірі қауіпті жағдайлардан сақтандырылған. 
Қалыпты еңбек жағдайын сақтауда жол-көлік оқиғасының алдын алу да өзекті мәселенің бірі. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ С.Балғымбаев-О.Б.Қамысты кен орындары аралығындағы 17,6 км автожол қайта жаңартылды. «Жылыоймұнайгазда» Қаратон-Тереңөзек аралығындағы 4,8 км, С.Нұржанов алаңындағы топтық өлшем қондырғысына дейінгі 7 км жол жөндеуден өтті. Өрт тактикалық оқу-сабақтары мерзімді өтіп тұрады және тұрақты жұмыс комиссиясы өндірісті аралып, қауіпсіздік шараларының орындалу барысын үнемі қадағалайды. Қоғамда жарақатсыз және апатсыз жағдайда жұмыс жасауға ынталандыру мақсатында жыл сайын сынақ-байқау ұйымдастырылып, жыл қорытындысымен оның жеңімпаздары әртүрлі номинациялар бойынша ақшалай марапатталады. Бұл да мұнайшылардың еңбекке, қауіпсіздікке деген ынтасын арттыратын жағдай.  Сондай-ақ, кәсіпорын мамандары «Атыраунефтемаш», «Теңізшевройл» сынды ірі мұнай компанияларымен еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік бағытында тәжірибе алмасып отырады.

Әлібек Ізмұхамбетов, 
Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің маманы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх