Барған жерінде бағы жанатын Барболов

Барған жерінде бағы жанатын Барболов
13.08.2018
106
Қызметкерлер

Барған жерінде бағы жанатын Барболов

«Қаражанбасмұнай» АҚ спорт нұсқаушысы Талап Барболов Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған Маңғыстау облыстық VI Халық спорты ойындарының бағдарламасында топ жарды. 
Жеке және командалық сында үстел теннисінен барлық қарсыласынан басым түскен ол үздіктер көшін бастады. Енді әріптесіміз күзде өтетін республикалық сынға қатысады. 
Сонымен бірге, Т.Барболов үстел теннисінен Ресей Федерациясының Орынбор облысына қарасты Орск қаласында өткен Ресей ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында екінші орын иеленген болатын. 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх