Ембіліктер ерлеп тұр

Ембіліктер ерлеп тұр
13.08.2018
143
Әлеумет

Ембіліктер ерлеп тұр

«ҚМГ» ҰК» АҚ спартакиадасының іріктеу турнирі

 

2018 жылғы 10-11 шілде күндері Қызылорда қаласында «ҚМГ» ҰК» АҚ спартакиадасы І тобының іріктеу турнирінде үздіктер анықталды. Жарысқа «Ембімұнайгаз» АҚ командасымен қоса, «Қазгер» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Теxнологиялық транспорт және ұңғыларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС командалары бақ сынасты. 
Екі күнге созылған жарыстар үш спорттық нысанда: Мұз айдынында, «Динамо» спорт кешенінде, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның намысын қорғауға 45-ке жуық спортшы-қызметкер аттанып, спорттың сегіз түрінен (баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг, волейбол, суда жүзу) қатысты. Барлық ойын тартысты өтті. Ембіліктер бар мүмкіндіктерін салып, ойынның соңғы секундтарына дейін намысты қолдан бермеуге тырысты. 


Іріктеу жарысының қорытындысы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

І орын:
1. Шағын футболдан – «Ембімұнайгаз» АҚ командасы;
2. Әйелдер арасында волейболдан – «Ембімұнайгаз» АҚ әйелдер командасы;
3. Ерлер арасында волейболдан – «Ембімұнайгаз» АҚ ерлер командасы;
4. Шахматтан – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстар цеxының 1-санатты геологы Білімпаз ҚАБДОЛОВ;
ІІ орын:
1. Әйелдер арасында үстел теннисінен – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Батыс Қамысты кен алаңының мұнай өндіру операторы Тамара САБИРОВА;
2. Әйелдер арасында тоғызқұмалақтан – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ қызметкері Айнұр МЕҢДІБАЙ;
ІІІ орын:
1. Баскетболдан – «Ембімұнайгаз» АҚ ерлер командасы;
2. Суда жүзу – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Әли БЕКСЕЙІТОВ;
3. Әйелдер арасында шахматтан – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ 2-категориялы инженер-химик Ақмарал УСАЛИЕВА;
4. Ерлер арасында армрестлингтен (85 келі салмаққа дейін) «Жайықмұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Берік ҚАЛЕШЕВ;
5. Ерлер арасында армрестлингтен (85 келі салмақтан жоғары) – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ слесарь-жөндеуші Әнуарбек ДҮЙСЕМӘЛИЕВ;
6. Ерлер арасында тоғызқұмалақтан – «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтарды комплектациялау» басқармасы қызметкері Тұрар ЕСТЕКОВ;
Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес І орын иегерлері биылғы Астана қаласында тамыз айында өтетін «ҚМГ» ҰК АҚ-ның финалдық ойындарына жолдама алды. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасына іріктеу кезеңінде қаражанбастықтар да жүлделі орындарға ие болды. 
«Қаражанбас» компаниялар тобының атынан сынға түскен әріптестеріміз төмендегідей нәтижелерді көрсетті.

Қол күресі: 
І орын – Бақтияр Төлеубаев, +80 келі;
ІІ орын – Мейрамбек Маңғыбаев, -80 келі;
І орын – Құралай Ақжігітова, -65 келі;
ІІ орын – Салтанат Анибаева, +65 келі;

Жүзу:
ІІ орын – Ғани Шалабаев, (ТМС);

Үстел теннисі:
ІІ орын – Бекзат Шадкам, (ТМС);
ІІІ орын – Ақтоты Тұрбаева (ҚБМ);

Шахмат:
І орын – Гүлмира Мұңалбаева, (АТС);

Тоғызқұмалақ:
ІІ орын – Бернұр Ғабдырасылұлы (ҚБМ)
ІІІ орын – Жанар Юсупова, (ҚБМ);

Волейбол:
ІІ орын – «Қаражанбас» командасы;

Баскетбол:
ІІ орын – «Қаражанбас» командасы;

Футбол:
ІІ орын – «Қаражанбас» командасы;

Жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді Компания атынан шын жүректен құттықтап, алдағы сында биіктен көрінулеріне тілектестік білдіреміз.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх