«Үздік маман-2018» байқауының ІІ кезеңі бойынша жеңімпаздар марапатталды

«Үздік маман-2018» байқауының ІІ кезеңі бойынша жеңімпаздар марапатталды
28.08.2018
138
Қызметкерлер

«Үздік маман-2018» байқауының ІІ кезеңі бойынша жеңімпаздар марапатталды

 

«Үздік маман-2018» байқауының ІІ кезеңі бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Оған «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы және Кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты. 
13 мамандық бойынша бақ сынап, компанияның  үздік танылған 45 маманы сый-құрметке бөленді. 
Жиында «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы Компания қызметкерлерінің арасында жүзден жүйрек шығып, озып шыққан қызметкерлерді құттықтап, алда «Қазмұнайгаз»ҰК» АҚ-ға қарасты кәсіпорындар арасында болатын сайысқа сәттіліктер тіледі. 
Қызметкерлер өз теориялық және тәжірибелік кәсіби шеберліктерін үздік көрсетіп, өздері еңбек ететін мекеме абыройын асқақтатты. Енді олар Ұлттық компания деңгейінде болатын ақтық сыйысқа одан әрі тыңғылықты дайындықпен баруға жұмыстануда. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Жаңаөзен қаласының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашса, «Өзенмұнайгаз» АҚ Жайдарман командасы әзілдерін арнады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх