«Мұнайшы қыз» клубы тренинг ұйымдастырды

«Мұнайшы қыз» клубы тренинг ұйымдастырды
29.08.2018
162
Қызметкерлер

«Мұнайшы қыз» клубы тренинг ұйымдастырды

Тамыздың 13-15-сі күндері аралығында Алматы қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен өзін-өзі дамыту, өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында тренинг өтті. Көшпелі тренингке компанияға қарасты алты басқармадағы клуб жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысты.


–Мұнайшы қыздар арасында тренингті ұйымдастыру арқылы компанияда еңбек етіп жатқан мұнайшы қыздардың жеке және іскер қабілеттерін арттыруға мән беріп отырмыз, – деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Рысты Тасмағамбетова. 
Мұнайшы қыздарға арналған тренингті Халықаралық «FranklinCovey» компаниясының қазақстандық сертификатқа ие тренер Айнұр Ботаханова жүргізді.  Тренинг  американдық жазушы, психолог Стивен Ковидің әлемге кең танылған  «Жоғары тиімді тұлғалардың 7 дағдысы» атты кітабының негізінде жүргізді.  
Үш күнге созылған тренингте мұнайшы қыздар ұжымдағы бірлік пен татулықты нығайтуды мақсат еткен ішкі коммуникация талаптарын сақтау жолдарына қатысты әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ішкі потенциалды нығайтуға қатысты құнды кеңестерді тыңдады. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх