Спорттық дода көрігі: жанкүйерлер жеңіс күтеді!

Спорттық дода көрігі: жанкүйерлер жеңіс күтеді!
29.08.2018
117
Қызметкерлер

Спорттық дода көрігі: жанкүйерлер жеңіс күтеді!

ҚМГ 2018 жылғы Спартакиадасы

2018 жылғы 27-29 тамыз күндері Астанадағы Nazarbayev University сауықтыру кешені аумағында мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне өткізілетін «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниялар тобының дәстүрлі Спартакиадасының ақтық бәсекелері өтуде. Бұған дейін үстіміздегі жылдың маусымында 2018 жылғы Спартакиаданың іріктеу турнирлері басталған болатын. Еншілес және тәуелді ұйымдардың 8 тобында іріктеу кезеңі өтіп, онда ҚМГ компаниялар тобының барлық еншілес ұйымдарынан 3 мыңнан астам адам қатысты.
«Мемлекет басшысы әркез бұқаралық спортты дамыту қажеттілігін айтып жүретінін жақсы білесіздер. Еліміздің барлық жерлерінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді, спортпен белсенді айналысатын адамдар көбейді, салауатты өмір салтының мәдениеті қалыптасып жатыр.
Әрине, біздің мұнайшылар да әрдайым мұндай тенденциялардың алдыңғы шебінде. Спорттық шаралар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің өмірінен баяғыда орын алды. Біздің көптеген еншілес ұйымдарымызда жыл сайын Спартакиада өткізу игі дәстүрге айналды. Мұндай корпоративтік шараларды қолдау – ҚМГ басшылығының бұлжымас ұстанымы» деп атап өтті Спартакиаданың ашылу салтанатымен құттықтаған сөзінде «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев.
Үшінші жыл қатарынан ҚМГ деңгейінде ақтық кезең өтіп отыр. Ымырасыз күресте ең мықтыларды анықтау үшін бұл спартакиадаға 30 еншілес кәсіпорында іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 350 спортшы  жиналды.
Спартакиада спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, армреслинг, тоғызқұмалақ және жүзу сияқты 8 түрі бойынша өтеді. Спорт алаңдарына ҚМГ компаниялар тобының «ҚазТрансОйл» АҚ, ПМХЗ ЖШС, АМӨЗ ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ сияқты компанияларынан 350-ден астам адам қатысады.
Спорт түрлері бойынша спартакиада «Самұрық-Қазына» спартакиадасына толық сәйкес келеді және бұл спартакиаданың жеңімпаздары «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының ақтық сайыстарында «ҚазМұнайГаз» намысын қорғайтын болады.
Спорт адамды мақсатқа ұмтылу, табандылық, командада жұмыс істей білу тәрізді ең жақсы қасиеттерге баулиды. Мұндай қасиеттер «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерін спорттық қана емес, кәсіби аренада да жеңіске жетуге көмектеседі.
Спорттық бәсекелердің барлық түрі бойынша аралық нәтижелерді онлайн режимінде «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК» сайтынан www.kmg.kz, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ҚМГ парақшасынан көріп, танысуға болатынын қуана хабарлаймыз.
(«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК компаниялар тобының дәстүрлі Спартакиадасының биылғы ақтық бәсекелері туралы газетіміздің келесі номерінде егжей-тегжейлі есеп жарияланатын болады).

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх