Қос мерекеге тарту

Қос мерекеге тарту
17.09.2018
92
Жаңалықтар

Қос мерекеге тарту

1972 жылы Су өндіру және тасымалдау басқармасының Ақтау және Жетібай бөлімшелерінде ТСС сорап стансалары бой көтерген болатын. Сорап стансаларының негізгі қызметі – мұнай кен орындарына, атап айтқанда, «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на теңіз суын тасымалдау. Бүгінгі таңда жұмыскерлердің ерен еңбегінің нәтижесінде сорап стансалары тәулігіне 75 мың текше метрге жуық теңіз суын тасымалдап отыр.  

Тозығы жеткен сорап стансаларына Серіктестіктің Бақылау кеңесінің төрайымы Айнұр Шаненованың қолдауымен 2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айында сорап стансаларының ашылу салтанаты өтті. 
Жұмыскерлердің еңбек жағдайлары жақсартылды, атап айтқанда, асханаларға, сорап стансаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде орналасқан жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылып, жұмыс орындарына жақсы жағдай жасалды. Бұл шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні мерекелерімен тұспа-тұс келіп, қос мереке қарсаңында тамаша сый болғанын атап өту парыз.  
Мереке қарсаңында Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сәбит Сейдалиев бірнеше жұмыскерлерді Алғыс хатпен марапаттап, Су өндіру және тасымалдау басқармасы ұжымының жұмысына ризашылығын білдіріп, өз тілегін айтты. Сонымен қатар Су өндіру және тасымалдау басқармасының директоры Ықылас Меңдібай бірқатар жұмыскерлерді ерекше еңбегі үшін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады. 
Шара мерекелік концертке ұласты. Бұл нысандарға күрделі жұмыстардың жүргізілуіне орасан зор үлес қосқан Су өндіру және тасымалдау басқармасының бұрынғы директоры Дүйсен Медеуовке жұмысшылар қауымының алғысы шексіз.

Ақтоты СҮТБАЕВА,
 «Су өндіру және тасымалдау 
басқармасы» ЖШС Қызметкерлерді басқару,еңбекақы төлеу және әлеуметтік саясат тобының жетекшісі 
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх