Киелі өңір ескерткіштері күтімсіз қалмайды

Киелі өңір ескерткіштері күтімсіз қалмайды
17.09.2018
139
Жаңалықтар

Киелі өңір ескерткіштері күтімсіз қалмайды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы мен «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» бағытын іске асыру мақсатында «Үстірт ескерткіштеріне – ел тағзымы!» акциясы негізінде «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» кәсіпорнына Қатем-Ишан қорымы тағайындалған болатын.
Аталған акция аясында «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС қызметкерлері мен жұмысшылары осы қорымға жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 60 адам болып аттанды. 
Қорым басында серіктестіктің қызметкерлері мен жұмысшылары қоршауларды қалпына келтіру, айналасын тазалау жұмыстарына кірісіп кетті. 
Жөндеу жұмыстарын жүргізуді өзіне борыш көрген Ақтау қаласының тұрғыны Қараш Шағыров серіктестік ұжымына Қатем Қожа өмірбаяны жайында сөз етіп, тарихқа көз жүгіртті.


Хатам (Сейіт) Қожа Ғабдолқожаұлы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген, маңғыстаулық түрікмен поэзиясының классигі, шайыр ақын болған. Халық арасында «Хатам ишан» деп аталып кеткен екен. Мұсылманша білімдар адам болған, жергілікті балалардың діни білім алуына жағдай жасап, мешіт салдырған. Маңғыстау өлкесінде болған қиын-қыстау кезеңдерде түбекті мекендеген халықты өзінің жалынды өлеңдерімен бірлікке, ынтымаққа шақырған. 
Хатам Қожа мешіті Ақтау қаласынан солтүстік бетіндегі 40 шақырымдағы Баянды ауылы маңындағы төбе басында орналасқан. Өңделмеген қалақ тастардан қаланып, биіктігі адам бойындай, төбесі ағашпен жабылған, құбыла бетінде кең михрабы бар мешіт осы күнге дейін сақталған. Қатем Қожа қайтыс болғаннан кейін өз мешітінің маңына жерленген болатын. Хатам Қожаның «Боз қараған», «Шерқала», «Қызылөзен», «Айрақты» атты белгілі өлеңдері болды. Ақынның көптеген қолжазбалары Түрікменстан Ғылым академиясының қорында сақтаулы екендігін айта кеткен жөн. 
Ақтау қаласының тұрғыны Қараш Шағыров Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» бағытын ту етіп келген «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-ның ұжымына алғысын білдірді.
Тазалау және қалпына келтіру жұмыстары біткен соң, серіктестік ұжымы марқұмдардың рухына дұға бағыштап, сауапты іске тамшыдай болса да үлесін қосып қайтты. 

Гүлмира Жонбасова,
«Су өндіру және тасымалдау 
басқармасы» ЖШС 1-ші категориялы кадр жөніндегі маман

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх