Кенбайлықтар қуанышқа кенелді

Кенбайлықтар қуанышқа кенелді
17.09.2018
115
Әлеумет

Кенбайлықтар қуанышқа кенелді

Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-не қарасты Кенбай кен орнында өткен салтанатты шарада 100 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жаңа жатақхана екі қабаттан тұрады, барлық бөлмелер екі адамға арналған. Киім кептіретін, үтектейтін бөлмелермен, қажетті техникамен толық қамтылған.  


«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан Нақпаев: «Компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөлініп келеді. «Қайнармұнайгаз» басқармасында 2017 жылы азық-түлік сақтайтын 2 мобильдік вагон, канализация суын тазалап, буландыратын қондырғы іске қосылды, басқарманың кеңсесі күрделі жөндеуден өтті. Уаз кен алаңында 30 орынды жатақхана ашылды және тағы басқа жұмыстар жасалды. Ендігі алдымызда тұрған мақсат – жатақханаларымызды заманға сай типтік жүйеге көшіру. Осыған орай өткен жылы 500-ге жуық адам жұмыс жасайтын Кенбай кен орнында модульдік жатақхананың құрылысы басталды» дей келе кенбайлық мұнайшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.  
Сонымен қатар, салтанатты шараға қатысқан Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов пен аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мұнайшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін арнады. 
Салтанатты шара барысында аталған мұнай-газ өндіру басқармасының өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Нұрболат Ахметов «KAZENERGY» Ассоцациясының Алғыс хатымен марапатталса, ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының 5-дәрежелі операторы Еркебұлан Қарабаевқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасы табыс­талды. Кенбай мұнай-газ өндіру цехының 5-дәрежелі операторы Ерболат Жұмағалиевқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісі табыс етілді. 
Уаз, Қондыбай мұнай және газ өндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Эльдар Есенғалиев, Кенбай мұнай және газ өндіру цехы қабат қысымын ұстау бөлімшесінің машинисі Тайман Сүндетов, мұнай дайындау және айдау цехының технологиялық сораптар машинисі Серік Жақыпов, зерттеу жұмыстары цехының ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторы Ержан Танатов, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы Алаш Қабиев «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ жылу, газ, сумен қамтамасыз ету бөлімшесі бастығының орынбасары Самат Ғалымжановқа, арнаулы техника және автокөлік колоннасының цементтеу агрегатының моторисі Жоламан Оразбаевқа, қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімшесін электр газымен дәнекерлеуші Жақсылық Касеновке, Б.Жоламанов мұнай және газ өндіру бөлімшесінің жұмысшы агентті қабатқа сіңіретін сорап стансасының машинисі Қанат Құтжанға компанияның Алғыс хаты табысталды. 
Жаңа жатақхананың лентасын ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары С.Нақпаев пен аудан әкімі А.Баженов салтанатты түрде қиды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх