Ембіде өткен баспасөз туры

Ембіде өткен баспасөз туры
28.09.2018
86
Жаңалықтар

Ембіде өткен баспасөз туры

Журналистер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері «Ембімұнайгаз» АҚ-да ұйымдастырылған баспасөз туры барысында интерактивті мұражаймен, өндірістік процесті жедел басқару орталығының жұмысымен, мұнай өндірудегі жаңа технологиялармен танысты.  


20 қыркүйекте ЕМГ республикалық, облыстық және аудандық БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Сонымен қатар, шараға үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері қатысты.  
Баспасөз турының бағдарламасы екі кезеңнен тұрды. Алдымен, баспасөз турына қатысушыларға Компанияның интерактивті мұражайы мен өндірістік процесті жедел басқару ортылығы таныстырылды. 
– Мен сіздерді 95 жылдан астам тарихы бар Компаниямызда қарсы алып отырғаным үшін қуаныштымын. Дегенмен, ембілік кен орындардың игерілу тарихында 100 жылдан астам уақыт өтті. Келер жылы алғашқы Қарашүңгіл кен алаңы игерілуінің 120 жылдығын тойлаймыз. Сонымен қатар, Сіздер өндірісте қолданылып жатқан жаңа технологияларды, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүзеге асып жатқан жаңа жобаларды, шығындарды оңтайландыра отырып, ембілік мұнайшылардың әлеуметтік пакетінің сол күйінде сақталуы туралы көріп, біле аласыз, – деп атап өтті Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков баспасөз турына қатысушыларымен кездесу барысында.   
Компанияның басшылық құрамымен кездесуде БАҚ қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдеріне ЕМГ-нің өндірістік қызметі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік міндеттемелерді жүзеге асыру бағытындағы тың бастамалар туралы кеңінен айтылды. 


Шараның екінші бөлігінде баспасөз турына қатысушылар Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Забурын кен алаңына барды. Аталған учаскеде 2014 жылдан бері мұнай тұтқырлығы мәселесін шешу және мұнайды алу коэффициентін арттыру мақсатында полимерлі суландыру жобасы жүзеге асуда. Бұдан әрі баспасөз турына қатысушылар Батыс Новобогат кен алаңында болды. Мұнда қазіргі таңда барлау бұрғылау жұмыстары жүруде. Бұл жерде баспасөз турына қатысушыларға Компанияның геологиялық барлау бағытындағы жоспарлары туралы айтылды. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх