Кендірлінің жазғы маусымы жабылды

Кендірлінің жазғы маусымы жабылды
Қыркүйек айының 22 жұлдызы күні «Кендірлі» демалыс аймағында дәстүрлі жазғы маусымының жабылу салтанатына арналған мерекелік шара өткізілді.
Дәстүрлі салтанатты «KMG EP- Catering» ЖШС «Кендірлі» демалыс аймағының басшысы Ачилов Сағидулла Хыдырбайұлы ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі.
«Өлкеміздің қара алтын игерушілері – мұнайшылардың бос уақытын, жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында қызмет көрсетіп келе жатқан демалыс аймағы Кендірлі – Каспий жағалауындағы көз тартар көгалды мекендердің бірі. Осы жылдың басынан бері қарай «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамынан, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға қарасты еншілес және тәуелді ұйымдарды қосқанда барлығы 14 000 адамдай «Кендірлі» демалыс аймағында демалды», – деді ол.
Мәдени шарада Жаңаөзен қаласының өнерпаздары өнер көрсетіп, демалушылардың қатысумен әр түрлі ойындар ойнатылды. Қала өнерпаздарының концерті жастардың би кешіне ұласты. Мереке 100-ге жуық көрерменді қамтып, жоғары деңгейде өтті.