Жүргізуші Парахат

Жүргізуші Парахат
12.10.2018
128
Қызметкерлер

Жүргізуші Парахат

Еңбек адамы

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты Технологиялық транспорт басқармасында жүргізуші болып еңбек етіп жүрген Парахат Жалғасов өзінің жұмысына өте тиянақты қарайды.
Мұнайшыларды өндіріс аймағына тасымалдайтын ол жүргізуші мамандығының жауапкершілігі зор кәсіп екендігін айтады. 
«Жүргізуші көлікті жақсы жүргізумен қатар, өте қырағы болуы керек. Жолдағы тыйым салу, ескерту белгілеріне жіті назар аударып, жол ережесін қатаң сақтауы шарт. Жүргізуші көліктегі әрбір жолаушының өміріне жауап береді», – дейді 32 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі жүргізуші. 
Парахат бірнеше рет «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауына қатысып, жүлделі орындардан көрінді. 2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісімен марапатталды. 
Парахат Жалғасов өзіне ұнайтын кәсібімен шұғылданып, сүйікті компаниясының дамуына, биіктен көрінуіне үлес қосып жүрген ардақты жан.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх