Жаңаөзен – менің қалам!

12.10.2018
161
Қоғамдық-мәдени өмір
Жаңаөзен – менің қалам!
Мұнайшылар шығармашылығы
Жатсынбай ешбір ұлтты,
Бауырға алып жылытқан.
Кең пейіл қазақ жерінің,
Әлемге атын танытқан.
Әулие аталар қолдаған,
Ар-ожданын қорғаған.
Жер асты толған байлыққа,
Жаңаөзен – менің қалам!
Табиғаты мың құбылған,
Көл емес, мұнай бұйырған.
Киелі осы аймаққа,
Қара алтын судай құйылған.
Атадан қалған өсиет,
Батамен ұрпақ өсірген,
Бабаларға арман болған,
Жаңаөзен – менің қалам!
Аңыз болған кешегісі,
Жалғастырған ұлы істерді,
Ерлігі аян шартарапқа,
Батырлар тұрған бұл аймақта,
Жырға қосып қасиетін,
Адамзат бас иетін.
Шамы бүгін жарқыраған,
Жаңаөзен – менің қалам!
Рамила ГИМРАНҚЫЗЫ,
Жаңаөзен қаласы